Қоғам мен білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде білім беру ортасы сияқты құбылыстарды мұқият зерттеу мәселелері бірінші орынға шығады.

Дүниежүзілік банктің аналитикалық қолдауымен «Российский учебник» корпорациясының Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің, сарапшылары оқу ортасын зерттеу саласындағы ғылымның өзекті жетістіктерін ескере отырып, қазіргі мектептердегі оқу ортасына қатысты қолданыстағы жұмыстарға талдау жасап,  жалпылады, соның негізінде қазіргі оқу ортасының негізгі критерийлері мен көрсеткіштері әзірленді.

Кеңістік

  • Қолжетімділік – оқушы мен мұғалімнің мектеп ғимаратының ішінде және сыртында ресурстарды пайдалану мүмкіндігі, ал қоғамдастық үшін бұл мектеп кеңістігінде болу мүмкіндігі:
  • мектептің барлық үй-жайлары, оның ішінде кітапхана, әкімшілік кабинеттер, асхана білім беру мақсаттарында пайдаланылады;
  • негізгі білім беру бағдарламасының бір бөлігі мектеп ғимаратынан тыс жүзеге асырылады;
  • мектеп ғимаратында жергілікті қоғамдастық өкілдерінің (тек ата-аналардың ғана емес) қатысуымен іс-шаралар өтеді;
  • денсаулық мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балалар барлық білім беру ресурстарына қол жеткізе алады және мектеп ғимаратына бара алады.
  • Өзгертілуге икемділік – кеңістікті көлемі мен функциясы бойынша өзгерту мүмкіндігі:
  • оқу бөлмелерінде олардың көлемін өзгертуге мүмкіндік беретін жылжымалы қабырғалар бар;
  • ортақ кеңістіктер (холлдар, спорт және акт залдары, аула) әртүрлі мақсаттарда қолданылады.
  • Жабдықпен қамтамасыз етілгендік – оқу міндеттері әртүрлі жабдықтардың көмегімен іске асырылады:
  • өзін-өзі көрсету немесе кез-келген өнімді жасау үшін оқушыға мектеп ғимаратынан кетудің қажеті жоқ (барлық техникалық құралдар мектепте бар);
  • кәсіптік бағдар жұмысында қазіргі уақытта тұрмыста пайдаланылмайтын жаңа техника қолданылады.
  • Жеке тұлғаға бағдарлау – «иемдену»:
  • дизайнда балалардың бар екендігіне назар аудартатын акценттер бар;
  • оқу кабинеттерінде және ортақ үй-жайларда балалар жасаған өнімдер (жазулар, суреттер, плакаттар, жұмыс үстіндегі оқушылар фотосуреттері) бар;
  • оқу кабинеттерінде, ортақ және әкімшілік бөлмелерде мұғалімдердің жоспарлары мен сол жоспарлардың іске асырылу іздері бар.
  • Қауіпсіздік – балалар мен ересектерді олардың еркін шектемей және құқықтары мен мүмкіндіктерін қысым түсірместен оларды күтпеген қауіптен қорғау:
  • оқу үдерісіне қатысушылардың барлығының ғимаратта болуы астарлы бақыланады;
  • ғимараттан тыс жүретін оқу үдерісі қауіпсіздік тұрғысынан шектен тыс шықпай бақыланып, жүзеге асырылады;
  • мектепке келушілердің мектеп ішінде жүріп-тұруы қауіпсіздік қызметтерімен жеке адамның құқықтарына нұқсан келтірместен қадағаланады.
  • Жас ерекшелігіне сәйкестік – жалпы барлық мектепке әмбебап шешімдерден аулақ болу, сыныптағы балалардың жас ерекшелігіне көңіл бөлу:
  • жасқа тән қызығушылықтар мен белсенділікті ескеру;
  • кабинеттер мен бөлмелерді рәсімдеген кезде әртүрлі жастағы оқушылардың пікірін ескеру.

Қатысушылардың өзара әрекеттесуі

  • Партиципативтілік/қатысушылық – мектеп жұмысы туралы шешімдер барлық мүдделі тараптардың (әкімшілік, педагог мамандар, ата-аналар, оқушылар) қатысуымен қабылданады:
  • оқу үдересінің кез-келген қатысушысы мектептің күнделікті өмірі мен оқиғаларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасай алады;
  • мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың кемінде 75%-ы соңғы 3 айда мектеп өміріне қатысты қабылданған шешімдермен таныс.
  • Коллаборативтілік – мектеп тіршілігінің мәселелері бойынша ынтымақтастық:
  • мектеп өмірі үшін барлық маңызды шешімдер пікірталас өткізу нәтижесінде қабылданады;
  • мектепте қоғамдық-мемлекеттік басқарудың сайланбалы органдары жұмыс істейді.
  • Қауіпсіздік — оқу үдерісіне қатысушылардың барлығының өзара қарым-қатынасында психологиялық жайлылық, оңтайлы психологиялық жағдай:
  • мұғалімдер ұжымында психологиялық қысым, әкімшілік, әріптестер, ата-аналар, оқушылар тарапынан манипуляция белгілері жоқ;
  • оқушылар арасында ересектер мен құрдастар тарапынан психологиялық қысым белгілері жоқ.

Цифрлық орта

  • Қолжетімділік (барлық жерден) – педагогтар мен оқушылар қажетті оқу ресурстарына мектеп ғимаратының кез келген жерінен (кабинет, кітапхана, холл, асхана), сондай-ақ ғимараттан тыс жерден де қол жеткізе алады (мектептің ақпараттық-білім беру ортасы жеке және қоғамдық (қалалық) стационарлық компьютерлер мен гаджеттерден интернет-арналар арқылы қолжетімді):
  • wi-fi мектептің барлық жерінде қолжетімді;
  • мектеп сайтында «имидждік» материал ғана емес, сонымен қатар оқу ресурстары да бар;
  • оқу үдерісінің әрбір қатысушысында онлайн қолжетімді жеке цифрлық кабинет бар.
  • Ақпараттық қанықтық – оқу кеңістігін жаһандық деңгейге дейін кеңейту:
  • мектеп әртүрлі электрондық деректер базасына (кітапханалар, виртуалды мұражайлар және т. б.) жазылған;
  • оқушылар мен мұғалімдер сабаққа дайындалған және жобаларды орындаған кезде беделді ақпарат көздерінің ресурстарын пайдаланады.
  • Қауіпсіздік – мектеп оқу үдерісі кезінде (мектеп ғимаратында ғана емес, одан тыс жерлерде де) балалар мен ересектерді қазіргі күнгі цифрлық ортаның жағымсыз құбылыстарынан өз күшімен қорғайды:
  • оқу үдерісіне қатысушылардың барлығында жеке виртуалды кабинетінде жағымсыз контенттен қорғайтын фильтр орнатылған;
  • мектептің ақпараттық қауіпсіздік жүйесінде оқушылар, мектеп қызметкерлері мен ата-аналардың жеке деректерін қорғау хаттамалары бар.

Білім беру бағдарламасының құрылымы

  • Икемділік – ағымдағы білім беру мақсаттарына қарай кесте оңай өзгеруі мүмкін, күтпеген, бірақ қызықты және пайдалы білім беру мүмкіндіктері күнделікті өмірге белсенді түрде енгізіледі:
  • мектеп штатынан тыс оқу ұйымдастыру (қызықты мәдениет қайраткерінің немесе ғалымның дәрісі, өз кәсібінің негіздерімен бөліскісі келетін ата-аналардан шеберлік сыныптар);
  • қанша уақытты қажет ететіні белгісіз жобаны толығымен жүзеге асыру үшін оқушыларда бір-бірімен және мұғаліммен қажетінше араласу мүмкіндігі бар;
  • нақты уақытта оқу сағаттарының үлестірілуін өзгерту мүмкіндігі.
  • Интегративтілік (кластерлік) – пәнаралық тақырыптарды әртүрлі пәндерде оқу мүмкіндігі, оның ішінде оларды әртүрлі жастағы оқушыларға оқыту:
  • оқушылар бір тақырып аясында пәндік мазмұн блогын зерттеу үшін бір бөлмеде бірігеді, ортақ теориялық кіріспе материалдан бастайды, содан кейін бір кеңістіктік кластердің әртүрлі ресурстарын қолдана отырып, ортақ тақырып шеңберінде тапсырмалар бойынша бөлінеді;
  • негізгі білім беру бағдарламасы пәнаралық байланыстар мен оларды жүзеге асыратын ресурстарды нақты көрсетеді;
  • құрбылық қағидат жүзеге асырылады, бұл дегеніміз жасы үлкенірек немесе материалды жақсырақ меңгерген оқушылар өзінен кіші немесе аз дайындалған құрбыларына тақырыпты меңгеруге көмектеседі.
  • Индивидуализация — педагогикалық үдерістің тұтастығын сақтай отырып, әр оқушының өзінің оқу траекториясын жобалау және жүзеге асыру мүмкіндігі:
  • әр оқушыда оның қатысуымен әзірленген жеке оқу траекториясы бар, оқушылар сол бағытта өз қарқынымен ілгерілейді;
  • ұжымдық жұмыс түрлері (шағын топтар мен жұптарды есептемегенде) оқу үдерісінің төрттен бір бөлігін қамтиды.

Зерттеушілер тобының негізгі тұжырымдары келесідей: біріншіден, оқу ортасын ұйымдастыруда оқыту тәсілдемесін гуманизациялау маңызды — жаңа сапалы оқу кеңістігі мен жаңа жабдық жеткіліксіз, мұғалімдерді осындай ортаны ұйымдастырып, жұмыс істеуге үйрету маңызды. Инфрақұрылымда оқу үдерісінің субъектілері пайда болған кезде ол білім беру ортасына айналады. Екіншіден, заманауи оқу ортасын дамыту үшін оқытудың партиципативті тәсілдемесін бекіту маңызды — ол үшін мұғалімдер мен басқарушыларда жаңа кәсіби құзыреттіліктер дамыту қажет: педагог жабдыққа қызмет көрсетпейді, ол оқу ортасын ұйымдастырады, бұл дегеніміз өзінің педагогикалық міндеттерін шешу үшін мұғалім жабдықтар мен кеңістікті пайдаланады және өзгертеді. Ал оқушы — бойкүйез «білім алушы» емес (мәжбүрлі түрде оқытылып жатқан бала емес), өзінің білім алуына қызығушылық танытатын субъект.

Оқу ортасы  — бұл ең алдымен мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас.

 

Дереккөз:

Барсукова Е. М., Белолуцкая А. К., Иванова Е.В., Ле-ван Т.Н., Шмис Т. Г., Устинова М. А., Лозовский М. Б. – Формирование современной образовательной среды. – Московский городской педагогический университет, Москва, 2019 ж.

 

0
*
*

Жаңа тіркелгі
*
*
*
кілтсөз енгізілмеген
*

nineteen + 3 =

Password generation