Тоқсан сайынғы дайджестің №18 бөлімінде біз пандемия кезіндегі әлемде және Зияткерлік мектептерде қашықтан оқытуды ұйымдастыру әдістері туралы баяндаймыз

1-бөлім. Халықаралық тәжірибе 

Індет пен COVID-19 таралуына қарсы күрес аясында әлем мемлекеттерінің көпшілігі уақыттың тығыздығына қарамастан қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жасауда. Зерттеулерге сенетін болсақ, жаңа толық онлайн-курсты даярлауға 6-9 ай уақыт қажет (Hodges et al., 2020). Осылайша ешбір мемлекеттің қашықтан оқытуды тиімді түрде ұйымдастыратындай мүмкіндігі жоқ екендігіне көз жеткізе аламыз.

Осы арада оқуда қолданылатын ресурстарға қолжетімділіктің баршаға бірдей болмағаны аса маңызды мәселе болып табылады. Бұның маңыздылығын Дүниежүзілік банк қашықтан сабақ беру мен  COVID-19 туралы әдістемелік хатында белгілейді. Көптеген мемлекеттерде онлайн оқытуға қажетті компьютер, планшет пен интернетпен жеткілікті түрде жабдықталмаған мектептер, мұғалімдер мен оқушылар бар. Оған қоса, мемлекет арасында де, мемлекет ішінде, әсіресе қала мен ауыл мектептерінің арасында да онлайн оқытуға дайындығы әр-түрлі деңгейде.

Дүниежүзілік банктың негізгі ұсынысы – қашықтан оқытудың көп деңгейлі моделін ұйымдастыру. Бұл модельдің құрамында сан-алуан қолжетімді технология қолдануы керек. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк телевизия мен радио секілді хабар тарату құралдарын қолдануға шақырады, себебі бұл амал – компьютері не сапалы интернеті жоқ балаларды, әсіресе ауылды орындарда оқу материалдарымен қамтамасыз ету жолы (World Bank, 2020).

Қашықтан оқыту Зияткерлік мектептерде 6 сәуірден басталды. Зияткерлік мектептер синхронды түрде 20-минуттық сабақ пен асинхронды оқытуды қатар қолданады. Оқыту үшін Microsoft Teams пен Google Classroom платформалары қолданады. «Әдебиет», «Өзін-өзі тану», «Өнер», «Дене шынықтыру», «АӘТД» мен «Адам. Қоғам. Құқық» пәндерінен басқа қалған пәндердің бәрі бойынша онлайн сабақ өткізіледі.

Қытай

Вирус таралудың алғашқы кезеңінде ең үлкен зардап шеккен мемлекет 200 миллионнан астам балаға қашықтан оқытуды жүргізеді. ҚХР Білім министрлігі National Online Cloud Classroom (Ұлттық бұлтты онлайн-сынып) платформасын енгізді. Бұл платформада бастауыш пен орта сынып оқушылары ең кең тараған оқулықтарды таба алады. Оған қоса, қазіргі уақытта бұл платформада психикалық денсаулық, отбасылық пен ақылақтық тәрбие, қауіпсіздік ережелері және эпидемияның алдын алу туралы ақпарат бар. Платформа CETV-4 арнасының трансляциясын ұсынады және осы арна бейнелерін сақтап, балаларға кез келген уақытта көруге мүмкіндік береді (Ministry of Education of the PRC, 2020).

Интернет байланысы жоқ балалар үшін үкімет мемлекеттік телеарналарда математика, қытай мен ағылшын тілі, өнер мен дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастырды. Мектептер мен мұғалімдер қашықтан оқытудың осал тұстарынан хабардар, сондықтан да сыныпта оқыту жаңартылған соң олар қашықтан оқытқан тақырыптарды қайталауға жоспарлайды (Zhong, 2020).

АҚШ

Америка мектептері қашықтан оқуға көшу жұмысын штат не аймақ деңгейінде тапсырмасы бойынша жүргізді, себебі ол елдегі білім беру жүйесі орталықсызданған. Оқушы саны ең көп Нью-Йорк штаты Apple, T-Mobile мен IBM компанияларымен ынтымақтасып, интернет-байланысы бар 300,000 iPad планшетін тапшы балаларға ұсынды. Штаттың білім беру департаменті әр апта сайын он мыңдай планшет таратуға жоспарлайды (Feiner, 2020).

Zoom бағдарламасының қауіпсіздік мәселелеріне байланысты штаттың билік органдары Google мен Microsoft бейнеконференция құралдарын қолдануға шақырды (Camera, 2020). Қалған салаларда мұғалімдер мен мектептер білім беру үрдісін ұйымдастыруда қалауынша жұмыс істеуге ерікті. Кейбір мемлекеттер жаңа материалды асинхронды түрде жеткізуге көбірек көңіл бөліп, алдын ала жазылған сабақтар мен аптаның белгілі уақытында өтетін консультацияларды ұсынады.

Әлемнің басқа елдері секілді АҚШ ресурстарға қол жетімділік мәселесіне тап болды. Лос-Анжелес оқушыларының 15%-30% қашықтан оқыту басталғаннан бері мектептермен байланысқа шыққан жоқ (Kamenetz, 2020). Қиындықтарға қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен балалармен қатар интернет-байланысы әлсіз не мүлдем жоқ ауылдарда тұратын балалар да тап болады.

АҚШ технологиялық компаниялары көмек ұсынуда. Google Teach from Home парақшасында індет жағдайында Google платформаларын қолданып онлайн-оқытуды ұйымдастыру туралы ақпарат бар. YouTube білім беру арналарын Learn@Home парақшасында жинастырды.  Парақшада жасы 13-тен асқан балалар, жасы 5 пен 13 аралығындағы балалар мен мектепалды жастағы балалары бар отбасыларға жеке арналар тобы бар (Peters, 2020). Сонымен қатар, мұғалімдер Apple кәсіби оқыту қызметін қолданып, компания қызметкерлерінен онлайн-оқытуды ұйымдастыру жолдары туралы кеңес сұрай алады (Rivera, 2020).

Россия

Ресейде қашықтан оқытуды жүргізуге арналған сан-алуан платформа бар. Олардың әрқайсысы бұрыннан бері қолданыста және білім беру үдерісінде туындайтын түрлі мәселелерді шешуге бағытталған. Федералдық үкімет бастауыш пен орта сыныптарға арналған «Ресей электронды мектеп» ресурсын 2016 жылы іске қосты. «Учи.ру» онлайн-платформасында 1-8 сынып оқушыларына арналған құралдар таңдамасы үлкен (үй тапсырмалары, кері байланыс, емтиханға дайындық). Яндекстік «ЯКласс» асинхронды оқуға арналған аса зор материал тізімін ұсынады. Оның «Дневник.ру», ЭлЖур, Microsoft Office 365 және басқа да ресурстармен интеграция функциясы бар (Подболотов, 2020).

Платформалардың сан-алуандығына қарамастан, карантин жағдайы қажетті функциялардың бәрін жалғыз бір платформа аясында қолдануға мүмкіндік бермейді. Бір платформаның негізінде толымды білім беруді қамтамасыз етуде қиындықтар туындайды. Мұғалімдер әлі де мессенджер мен бейнеконференция (Zoom орнына Skype көбірек қолданады) бағдарламалары мен басқа байланыс жолдарын қолдануда. Maximum Education сауалнамасы мұғалімдердің 91%-ы онлайн-оқыту сыныптағы сабақты алмастыра алмайтындығын хабарлайды, оған себепші факторлар ретінде техникалық жабдықтардың тапшылығы, тәжірибенің жетіспеушілігі мен платформалардың көптігі аталды (Костенко, 2020).

2-бөлім. Зияткерлік мектептерде қашықтан оқытуды жүзеге асыру тәжірибесі

Өткізілген сауалнаманың нәтижесі Зияткерлік мектептерде қашықтан оқытудың кем дегенде бастапқы кезеңінде сәтті жүзеге асырылғанына дәлел бола алады. Мұғалімдер де, оқушылар да қашықтан оқытуға көшуге дайындықтары жақсы болды. Барлық мектептердің мұғалімдері білім беру үдерісін ұйымдастырудағы өз біліктілігін жоғары бағалады. Мұғалімдер өз біліктілігіне бағалауы (мұғалімдердің 90%), оқу мақсаттарын орындай алуға деген сенімділігі (84%) және білім беруді тиімді ұйымдастыру (85%) секілді сипаттар бойынша жауаптарын ұсынды. Сонымен қатар жоғары бағаға мектептің қолдауы да (техникалық қолдау – 4,3, әдістемелік қолдау – 4,4), Microsoft Teams платформасын қолдану ыңғайлығы да иеленді. Мектеп тарапынан ұсынылған техникалық қолдауды жоғары бағаланғанын атап өткенде мұғалімдердің 54%-ы қиындық туындағанда мектептің IT-мамандарынан көмек сұрайтынына назар аударуға болады.

Мұғалімдер арасындағы жоғары ынтымақтастық деңгейі бар, демек сауалнамаға қатысушы ұстаздардың 98%-ы қашықтан оқыту әдістері бойынша әріптестерімен әрекеттеседі деп хабарлады. Сонымен қатар, мұғалімдердің басым көпшілігі (86%) қиындық туындаса әріптестерінен көмек сұрайтынын мәлімдеді.

Алайда жауап берушілер арасында қанағаттану деңгейлері әр-түрлі. Ата-аналар мен мұғалімдердің орташа қанағаттану деңгейі  жоғары болса (тиісінше 4,3 және 3,9), оқушылардың көрсеткіштері төмен (3,5). Оқушылардың орта бағасы мұғалімдер бағасынан барлық мектептерде төмен және мектептер арасында біршама бірдей (3,4-тен 3,5-ге дейін). Ата-аналардың мектеп арасында орташа бағалары да біршама бірдей (4,2-ден 4,4-ке дейін), ал мұғалімдер арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде үлкен (3,8-4,2).

Жауап ұсынған оқушылардың көбі қашықтан оқыту кезінде жүктеменің көбейгенін айтты. Оқушылардың ашық сұраққа жауаптарына қарағанда оқу жүктемесі оқушылар үшін аса маңызды екені аңғарылды. Оқушылардың пікірі бойынша сабақ құрылымы (20-минуттық сессия мен жұмыс тапсыру мерзімі қысқа болатын жеке жұмыс) қарқынды жұмысқа әкеледі және үзіліске ақ уақыт қалдырады. Сонымен қатар, балалар монитордың алдында ұзақ уақыт бойы отырғандықтан, денсаулыққа теріс әсері бар екені әбден мүмкін. Мұғалімдер болса, өз уақытының басым бөлігін, яғни күніне 4 сағатты, сабақ пен консультацияға дайындыққа жұмсайды. Сабақ пен консультацияны өткізу ұстаздардың 3,5 сағат уақытын алады, басқа жұмысқа 2,5 сағат уақытын бөледі. Мұғалімдердің жүктемесін азайтқан жағдайда олар жұмыстарына күніне 10 сағаттан аз уақыт бөлуге мүмкіндіктері болады.

Оқушылардың психикалық саулығы да аса маңызды. Өзін-өзі оқшаулау және оның нәтижесіндегі оқудағы дербестіктің ұлғаюы балалардың оқуға араласуын төмендетеді. Психикалық саулығы төмен балалардың жағдайы мектеп не коғам тарапынан жөнді көмек болмаған жағдайда күрт нашарлауы да мүмкін. Сауалнама нәтижесі бойынша ата-аналардың 86%-ы өз балаларының эмоциялық күйін оң деп бағаласа, олармен келісетін балалардың үлесі тек 68%. Сонымен қатар, балалардың 40%-ы оқу үдерісіне араласпай жатқанын сезінеді, сонша бала үшін үйде оқу ыңғайсыз. Оқушылардың 69%-ы және ата-аналардың 80%-ы бетпе-бет тілдесудің жетіспейтінін мойындап, мектептегі қарым-қатынасты және әлеуметтенуді қазіргі жағдайда қалыптастыру қиындығын дәлелдейді.

Осы мәлімет балаларды эмоциялық және психологиялық тұрғыдан қолдау қажет екендігін растайды. Зияткерлік мектептер қашықтан оқитын балаларға психолог көмегін ұсынады, алайда балалардың 5%-ы ғана осы көмекті қажет ететінін хабарлады. Оған қоса Microsoft платформасына негізделген ұжымдық жұмыс пен ортаны ұйымдастырудың пайдасы болуы мүмкін. Ұжымдық жұмыс пен ортаның қажеттілігін оқушылардың көпшілігі сыныптастарынан (48%) және мұғалімдердің көпшілігі әріптестерінен (86%) көмек сұрайтынынан байқауға болады. Сонымен қатар, балалардың 60,1%-ы және ата-аналардың 64,2%-ы балалардың оқу үдерісіне араласпайтынын хабарлады, яғни оқушылардың кем дегенде үштен бірі оқуға араласа алмайтыны белгілі.

Дегенмен, Зияткерлік мектептерде қашықтан оқытуды жүзеге асыруға ең басты кедергілердің бірі мұғалімдердің біліктілігі емес, оқушылардың ынтасы емес, Интернет байланыстың сапасы мен жабдықталу секілді техникалық мәселелер болып табылады. Зияткерлік мектептер ұстаздар мен оқушыларды ноутбук пен 4G модемі секілді қажетті құралдармен қамтамасыз ету жұмысын жүргізді. Сонда да Интернет байланыс бағалары жоғары емес, Оқушылардың бағасы – 3,6, ал мұғалімдер бағасы – 3,9 және 21 мектептің жетісінде ғана байланыс бағасы орта көрсеткіштен жоғары. Ал ата-аналардың бағасы салыстырмалы түрде жоғары (4,0).

Интернет байланыс мәселесін шешу мақсатында мұғалімдер мен оқушыларды жабдықтау жұмысын жалғастыру қажет, бірақ та онымен шектелмей, онлайн орындауды қажет етпейтін сан-алуан әдістерді де қолданған жөн. Асинхронды оқыту әдістерін қолдану Дүниежүзілік банкінің қашықтан оқыту мен COVID-19 бойынша әдістемелік құжатындағы басты ұсыныстарының бірі болды (World Bank, 2020)

Жоғарыдағы мәселелерге қарамастан, қашықтан оқытуды Зияткерлік мектептердің келешектегі жұмысында қолдануға болады. Төтенше жағдай туындайтын кезде немесе сыныптағы оқыту үшін қосалқы құрал ретінде қашықтан оқыту технологиясын қолдануға болады. Бұған қолдау ретінде мұғалімдердің 79%-ы қашықтан оқыту технологиясын келешекте осы түрінде немесе біраз өзгеріс енгізген соң қолдануға болады деп жауап берді. 

Пайдалынған әдебиет

Camera, L. (2020, April 7). New York City Tells Teachers to Stop Using Zoom for Distance Learning. US News. Retrieved from https://www.usnews.com/news/education-news/articles/2020-04-07/new-york-city-tells-teachers-to-stop-using-zoom-for-distance-learning.

Feiner, L. (2020, April 5). How NYC moved the country’s largest school district online during the coronavirus pandemic. CNBC. Retrieved from https://www.cnbc.com/2020/04/03/how-nyc-public-schools-are-shifting-online-during-the-coronavirus.html.

Hodges, C., Moore, S., Lockee, B., Trust, T., & Bond, A. (2020). The difference between emergency remote teaching and online learning. Educause Review, 27.

Kamenetz, A. (2020, April 8). 4 In 10 U.S. Teens Say They Haven’t Done Online Learning Since Schools Closed. NPR. Retrieved from https://www.npr.org/sections/coronavirus-live-updates/2020/04/08/829618124/4-in-10-u-s-teens-say-they-havent-done-online-learning-since-schools-closed.

Ministry of Education of the PRC. (2020). MOE upgrades free online learning platform for students [Press release]. Retrieved from http://en.moe.gov.cn/news/press_releases/202003/t20200302_426337.html.

Peters, J. (2020, March 20). Google and YouTube launch new resources to help teachers and families educate students at home. The Verge. Retrieved from https://www.theverge.com/2020/3/20/21188489/google-youtube-remote-education-resources-teach-from-home-students-coronavirus.

Rivera, J. (2020, March 25). Apple offers free consultations to help teachers make the best of online learning. USA Today. Retrieved from https://www.usatoday.com/story/tech/2020/03/25/apple-free-consultations-teachers-coronavirus/5080894002.

World Bank. (2020). Guidance Note on Remote Learning and Covid-19.

Zhong, R. (2020, March 17). The Coronavirus Exposes Education’s Digital Divide. New York Times. Retrieved from https://www.nytimes.com/2020/03/17/technology/china-schools-coronavirus.html.

Костенко, Я. (2020, April 3). Больная перемена: 50% школьников считают онлайн-обучение каникулами. Известия. Retrieved from https://iz.ru/995078/iaroslava-kostenko/bolnaia-peremena-50-shkolnikov-schitaet-onlain-obuchenie-kanikulami.

Подболотов, А. (2020, April 8). Как проходит онлайн-обучение школьников в России. Android Mobile Review. Retrieved from http://android.mobile-review.com/articles/64433.

Фото: ru.sputniknews.kz

0
*
*

Жаңа тіркелгі
*
*
*
кілтсөз енгізілмеген
*

one + 18 =

Password generation