Құрметті әріптестер!

2020 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Отбасы, мектеп, қауымдастық:  бала мүддесін ойлау — бала мүддесіне сай әрекет ету» атты жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізуді 2021 жылға ауыстыруға мәжбүр болғаны баршаңызға белгілі.

Қазақстандық сарапшылар қауымы, біздің педагогтер мен шетелдік әріптестер білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған біздің жыл сайынғы кездесуімізге қандай қызығушылықпен қарайтынын білеміз.

Бетпе-бет қарым- қатынас жасау мен идеялар алмасудан алатын әсер мен шабыттың орнын ештеңемен алмастыру мүмкін емес, дегенмен біз ДББҰ зерттеулер Департаментінің, білім беру бағдарламалары орталығының және NIS ақпараттық технологиялар және сервис орталығының жұмысы нәтижесінде қол жеткізілген іс- шараның балама түрін ұсынамыз.

Конференция спикерлері және білім және ғылым саласындағы қазақстандық сарапшылармен бірге “Intellectual Podcast” подкаст сериясын іске қосқанымызды хабарлаймыз. Подкасттың алғашқы қонақтары ЭЫДҰ Білім және дағдылар департаментінің басшысы Андреас Шляйхер және Вильнюс қалалық Кеңесінің депутаты, Білім және Мәдениет комитетінің мүшесі, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің сарапшысы Дарюс Радкявичюс болды.

Келесі әлемдік сарапшылармен шығатын подкаст шығарылымға дайындалуда:

• Доктор Энди Коуп (Ұлыбритания) – білікті оқытушы, бестселлер авторы, бақыт сарапшысы, ғалым;

• Энди Харгривз (АҚШ) – Бостон колледжі жанындағы Линч білім беру Мектебінің профессор-зерттеушісі, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, түрлі елдердің үкіметтері, бүкіл әлем бойынша университеттер мен мұғалімдер кәсіподақтарының кеңесшісі;

• Доминик Уайз (Ұлыбритания) – Лондон Университеттік колледжі білім беру Институтының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру профессоры; Британдық Білім беру саласындағы зерттеулер қауымдастығының президенті.

Спикерлер білім беру саласының және қоғамды дамытудың  т. б. өзекті мәселелері бойынша өз пайымдауларымен бөліседі.

Подкасттар келесі сілтемелер бойынша 3 тілде қолжетімді:

• Қазақ тілінде: https://conferences.nis.edu.kz/intellectual-podcast/?lang=kk

• Орыс тілінде: https://conferences.nis.edu.kz/intellectual-podcast/

• Ағылшын тілінде: https://conferences.nis.edu.kz/intellectual-podcast/?lang=en

Сіздерді материалмен танысуға және оны әріптестеріңіз арасында, сондай-ақ түрлі әлеуметтік желілер арқылы таратуға шақырамыз.

Бұл подкасттар білім беру саласындағы өзгерістерді және ғылымның белгілі бір салаларындағы жаңа ашылымдарды тереңірек түсінуге ықпал етуі әбден мүмкін.

Сайттардың жаңартылуын қадағалап отыруларыңызды сұраймыз және зерттеу қызметіне сәттілік тілейміз!

0
*
*

Жаңа тіркелгі
*
*
*
кілтсөз енгізілмеген
*

4 × 2 =

Password generation