“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ жаңа зерттеу платформасына қош келдіңіз!

Зерттеу департаменті Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде зерттеу, мониторинг және бағдарламалар мен тәжірибелерді бағалау жұмысын үйлестіреді. Зерттеу департаментінің негізі 2015 жылы салынды. Департамент ДББҰ зерттеушілері мен Зияткерлік мектептерінің тәжірибеші-зерттеулерімен және зерттеу жобалары бойынша халықаралық сарапшылармен тығыз байланыста жұмысы жасайды.

Өз зерттеуі мен үйлестіру жұмысын атқарумен қатар Зерттеу департаменті білім беру саласындағы әлемдік және қазақстандық зерттеулерге талдау даярлайды. Сонымен қатар біз тоқсан сайынғы зерттеу дайджестін басып шығарамыз.

Департамент Зерттеу деректерінің қорын үйлестіреді, бұл деректер қорында есептер, мақалалар мен презентациялар түрінде ұйымымыздың білімі мен тәжірибесі жинастырылған. Сондай-ақ, біз сыртқы зерттеушілерден, ДББҰ мен еншілес ұйым қызметкерлерінен Зияткерлік мектептердің негізінде жасалатын зерттеулерді өткізуге өтініштерді іріктейміз.

Зерттеу департаменті жал сайын өтетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік Конференциясын ұйымдастырады.

Зерттеу департаментінің басты мақсаты – талдау мен зерттеу негізіндегі қорытындылар мен ұсыныстарға негізделіп Зияткерлік мектептердің қызметін, оқытуды және басқару ісін жетілдіру.

*
*

Жаңа тіркелгі
*
*
*
кілтсөз енгізілмеген
*

11 + six =

Password generation