Қалыптастырушы бағалау – оқу мен оқытудың ажырамас бір бөлігі

Еліміздегі білім саласындағы басты бағыттардың педагогикалық инновацияға бет бұруы әлемдік білім беру кеңістігінен лайықты орын алу үшін жасалып жатқан маңызды қадам болып саналады. Дәлірек айтқанда, Қазақстанның білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.Осы орайда бүгінгі педагогикалық инновациядағы басты нысана сапалы да функционалды білім беру үшін оқушылардың оқу жетістіктерін анықтаудың тиімді жүргізілуі болып табылады. Себебі, тиімді әрі дұрыс жүргізілген бағалау түрі оқушыға өзінің жеткен жетістіктері мен табыстарын қадағалап отыруға ғана емес, сондай –ақ өзінің білім алудың қандай сатысында тұрғанын, білімінде қандай ол қылықтардың бар екенін дер кезінде біліп, түзетуге мүмкіндік бере алады. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін бүгінгі күні еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі қолданылуда. Бағалаудың бұл моделінің тәжірибеге енгізілгеніне айтарлықтай көп уақыт өте қоймаса да, сәтті енгізілген өзгеріс нысаны екендігіне оқушылар мен ата-аналардың, сондай-ақ, мұғалімдер қауымының көздері күннен –күнге жетіп келеді. Оқушының бағдарлама  бойынша күтілетін нәтижеге табысты жетуініңяғни, жиынтық бағалауда сапалы білім нәтижесін көрсетуінің негізі қалыптастырушы бағалаудың дұрыс әрі тиімді жүргізілуіне байланысты қаланады.

 

Общее направление:Оценивание
Стадия проекта:Завершен
Тип отчетного документа:Статья
Отчетный период:2018
Год публикации/выхода отчета:2018
Организация:ЦПИ
Автор:Кунева К.Е.
Документ (файл pdf):Upload the downloaded file
Уровень доступа:общедоступный
Skills

Posted on

09.07.2020

Submit a Comment

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*
Password generation