Сабақтағы дұрыс мақсат қою мәселесі

Зерттеу жұмысы ҚР білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаңа бағдарламаларды апробациялауға қатысушы пилоттық мектеп мұғалімдеріне оқыту үдерісін жоспарлау кезінде әдістемелік қолдау жасауға бағытталады. Зерттеу жұмысының маңыздылығы: Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында мұғалімдердің сабақты  тиімді жоспарлауға шығармашылықпен қарап,  заманауи педагогикалық-дидактикалық қағидаттарды кіріктіре, оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып оқу ортасын құруды ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі педагогикалық шарттарын анықтау.

Өйткені, заманауи білім беру оқыту нәтижесін білім, білік және дағды түрінде ұсынатын дәстүрлі оқытудан бас тартады. Қазіргі стандарттағы тұжырым нақты қызмет түрлерін көрсетеді. Қойылған міндет жаңа жүйелік-іс-әрекеттік білім беру парадигмаға көшуді талап етеді, ол, өз кезегінде, жаңа стандартты жүзеге асыруда мұғалім қызметінің принципті өзгерістеріне байланысты. Яғни, білім берудің жаңа парадигмасы «оқу – қалай оқығаныңа қарай», «өзін-өзі дамыту», «өмір бойына оқу» болып өзгерді. Жаңа жүйеде оқытушы білім алушыларға өздігінен білім алудың түрлі әдістері мен жолдарын көрсете отырып, білім алушының өз бетімен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы болып табылады.

Уақыт талаптарын негізге ала отырып, қазіргі сабаққа деген көзқараста өзгерді. Заманауи сабақ классикалық сабақ құрылымы барысында мұғалімнің өзінің жеке шығармашылықпен әзірлеген жұмыс көлемін белсенді қолданылуын, оның құрылымын, оқу материалының мазмұнын, технологиясын және оны ұсынуды жетік меңгере алатынын көрсете алуы қажет. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, әр сабағын жоспарлауда баланың дамуына жағдай жасайтындай әрекеттерді белгілеп алуы тиіс.

Мұғалімдерде туындаған проблемалартек пәндік қана емес, күтілетін нәтижеге бағытталған сабақты қалай құруды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын ескеруді қажет етеді. Яғни, оқулықта ұсынылған тапсырмаларды мақсатты түрде сабақта қалай таңдауға болады? Нәтижеге жетуде тиімді әдіс-тәсілдерді және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың қандай түрлерін қолдану қажеттігі төңірегінде түрлі сауалдар туындады. Сапалы оқыту мен оқуға қол жеткізу үшін-ол тиімді жоспарлану қажет. Сабақтың тиімділігіне қалай қол жеткіземіз? Бұл сауал әр педагог үшін өзекті.

Сабақты тиімді жоспарлау – мұғалімнің жете даярлығы мен өткізу шеберлігіне байланысты. Жеткіліксіз қарастырылған, нашар жоспарланған, асығыс жобаланған, оқушылардың мүмкіншілігі ескерілмеген сабақ сапалы болуы мүмкін емес. Сабаққа даярлық нақты жағдайда жоғары нәтижелілікті қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды таңдауда кешенді іс шараны әзірлеу болып табылады.

Қорытындылай келе, мынадай тұжырым жасағымыз келеді. Сыныпта оқушының оқуына бағытталған оқу ортасын құруды жоспарламас бұрын, мұғалімдер жоспарлау кезінде әрқашан мынадай сұрақтар қою керек: Мен нені күтемін? Оқушыларды қызықтыратын не? Оқушылар нені үйренулері керек? Әртүрлі оқушылардан әртүрлі нәтиже күтеміз. Сондықтан мұғалім сабақтағы өзінің іс- әрекеті мен оқушының іс- әрекетін тиімді болатындай, қорытындысында оң  нәтиже беретіндей жоспарлауы қажет. Тиімді сабақ -тиімді жоспарлауға байланысты. Тиімді жоспарлау мұғалімдердің заманауи педагогикалық-дидактикалық қағидаттарды кіріктіре, оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып оқу ортасын құра алуына және ол оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бастауыш білім беруді мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты / ҚР үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 қаулысымен бекітілген/
  1. Абиев Ж.Б. Педагогика., Астана, 2008, 178 бет
  1. Бастауыш сынып пәндері бойынш педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. «НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 ж.
  1. Хуторской, А.В. Современная дидактика [Текст]: Учеб. пособие. 2-е изд. перераб./А.В.Хуторской. – М.: Высш. шк., 2007.- 639с.: ил.
Общее направление:Содержание образования
Стадия проекта:Завершен
Тип отчетного документа:Промежуточный отчет (за цикл, за период)
Отчетный период:2016-2019
Год публикации/выхода отчета:2019
Организация:ЦПМ г. Кокшетау
Автор:Пазылова Гульмира Шойгариновна, Мусина Айгуль Даулетжановна
Уровень доступа:общедоступный
Навыки

Опубликовано:

03.07.2020

Оставить комментарий

Авторизация
*
*

Регистрация
*
*
*
Пароль не введен
*

пять + тринадцать =

Генерация пароля