Экранның арғы бетінде: Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қашықтан оқытуды жүзеге асыру

Жаһандық COVID-19 пандемиясы жағдайында көптеген оқу орындары қашықтан білім беру қызметін беруге көшті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап барлық мектептерде қашықтықтан  оқытуды ұйымдастырды. Зерттеудің мақсаты мұғалімдердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының онлайн оқытуға дайындығын зерттеуге, респонденттердің эмоционалдық жағдайын, қашықтықтан оқыту кезінде және өзін-өзі оқшаулау жағдайында техникалық құралдардың қолжетімділігі мен сапасын зерттеуге бағытталған. Республиканың 21 Назарбаев Зияткерлік мектебінде сауалнама өткізілді, яғни Қазақстан Республикасының 13 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қалада. Сауалнамаға желідегі барлық мектептерден 2200 мұғалім, 7-12 сыныпта оқитын 10607 оқушы және 9340 ата-ана қатысты.  Сауалнама нәтижелері Зияткерлік мектептерде қашықтан білім берудің ең болмағанда оның бастапқы кезеңдерінде жеткілікті табысты жүзеге асырылғанын көрсетеді. Мұғалімдер мен оқушылардың көпшілігі оқуға қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген, дегенмен оқытуды жүзеге асыруға кері әсерін тигізетін Интернетке қосылу мәселелері бар. Оқушылардың 2/3-тен астамы өздерінің эмоционалдық жағдайын оң деп бағалайды, алайда оқушылардың айтарлықтай бөлігі (31%) жанды қарым-қатынастың жоқтығын мойындайды, бұл өзін-өзі оқшаулау жағдайында күтілетін нәтиже.

 

 

Жалпы бағыты: Білім мазмұны

Жоба кезеңі: Аяқталды

Есептік құжаттың түрі: Жобаның нәтижелері туралы есеп

Есепті кезең: жылдың соңы

Есептің жарияланған/шығарылған жылы: 2020 ж

Общее направление:Содержание образования
Стадия проекта:Завершен
Тип отчетного документа:Отчет по итогам проекта
Отчетный период:конец года
Год публикации/выхода отчета:2020
Организация:ДИ
Уровень доступа:общедоступный
Навыки

Опубликовано:

13.01.2021

Оставить комментарий

Авторизация
*
*

Регистрация
*
*
*
Пароль не введен
*

2 × пять =

Генерация пароля