Тілдік дағдылар бойынша тапсырмалар әзірлеудегі тиімді әдістер

Кез келген пән бойынша оқыту үдерісі ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Осыған байланысты оқушылардың тілдік дағдыларын дамытудағы маңызды кезең – ойлау әдістері мен амалдарын рефлексті емес, саналы түрде игеруге көшу, яғни, оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыру. Оқушылар тілді үйрене отырып, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларымен қатар түсіну және жауап беру, анализ, салыстыру және бағалау дағдыларын дамытуы үшін құрастырылған тапсырмалардың мақсаты нақты, нұсқаулығы анық болуы тиіс. Себебі бағдарламада берілген оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқу әрекетін ұйымдастыруда тапсырмаларды тиімді ойластыру – күтілетін нәтижеге жетудің басты кепілі болып саналады. Сондай-ақ тілдік қатынас тудырудың басты факторы оқушыға тілдік орта жасау болса, сол тілдік орта оқу тапсырмаларының коммуникативтік, сыни ойлауды дамытушылық, шығармашылық сипаттарымен анықталуында. Ал сабақты оқу мақсаттарына нақты сәйкес келетін, сапалы оқу тапсырмаларымен қамтамасыз ету –бүгінгі педагогикалық инновациядағы бастынысана. Осы уақытқа дейін біз тілді оқыту барысында оқу тапсырмаларының көптеген түрлерін қолданып келдік. Сол тапсырмаларды қазір тәжірибеде жаңаша қырынан қайта қарастырып, түрлендіріп, оқу мақсаттарына, бағдарламадан күтілетін нәтижелерге сәйкестендіріп қолдану қажет.[1]

 

Общее направление:Профессиональное развитие педагогов
Стадия проекта:Завершен
Тип отчетного документа:Статья
Отчетный период:2019-2020
Год публикации/выхода отчета:2020
Организация:ЦПИ
Автор:Рустемова Ж. Ж., Кунева К.Е.
Уровень доступа:общедоступный
Навыки

Опубликовано:

09.07.2020

Оставить комментарий

Авторизация
*
*

Регистрация
*
*
*
Пароль не введен
*

14 − два =

Генерация пароля