Жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық ұжымды басқару стилінің психологиялық ерекшеліктері

Қазіргі заманың білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Кез келген әрекет,соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың қағидаларын сақтауға негізделген. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б. топтастырылады. Мектепшілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік,басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметін қамтиды. Негізгі қағидалар: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігің педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.

Мектепшілік басқарудың теориясы мен практикасын енгізген Ю.А.Копержевский, Т.И.Шамова, Р.Х.Шакуровың, В. А. Караковский педагогикалық талдаудың негізгі түрлерін анықтаған. Ұстаздық ұжыммен әлеуметтік-пихологиялық мәселелерді (Р.Х. Шакуров, И. К. Шалаев, В. М. Шепель, В. С. Лазарев, Т. Г. Афанасьева, И. А. Елисеева, Т. И. Пуденко, Р. С. Немов, Е.И.Рогов, Н. С. Дежникова) зерттеген. Басқару стилін зерттеу сонғы он жылда адам әрекетін оптимизациялау, сондай-ақ, жеке тұлғаны зерттеу процесінің маңызды бағыты болып отыр. Басқару стилін білу әкімшілік жұмысының кемшілік тұстарын, кәсіби мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Басқарушыға ұжымдағы өз бағынушыларының барлығына жағатындай басқару стилін таңдау қиын. Адамның өзінің іс-әрекет себептері мен заңдылықтарын саналы түрде түсінуі – оның өндірістік жағдаяттарға деген қарым-қатынасын да түбегейлі өзгертуі мүмкін. Неғұрлым басқарудың түрлі әдістері мен тәсілдерін білсе, туындаған мәселені және оны шешу жолын көре білсе, басқарушы соғұрлым еркін, ал оның іс-әрекеті жемісті бола береді.  Аралық зерттеужалпы білім беретін мектептегі педагогикалық ұжымды басқару стилінің психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негіздері және фунциялық міндеттері қарастырылып, мектеп әкімшілігінің психологиялық біліктілігін жоғарлатуындағы психодиогностикалық тәжірибелік зерттеудегі жұмыс мазмұны және нәтижелері қарастырылға бағытталған.

Зерттеудің мақсаты: қазіргі кездегі мектептердегі педагогикалық ұжымның басқару стилін психологиялық ерекшеліктерін ғылыми-тәжірибелік және психодиагностикалық әдістермен зерттеу.  Зерттеу объектісі – жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық ұжымды басқару жүйесі. Зерттеу пәні – басқару стилінің психологиялық ерешеліктерін педагогикалық тұрғыдан зерттеу. Зерттеу болжамы: егер мектеп басшыларының психологиялық біліктілігін дамытса, онда педагогикалық ұжымды басқару стилі тиімді жүзеге асады, өйткені басқару әрекеті ұйымдастыру мен басқаруды жасаудың қағидаларын сақтауға негізделген.

Білім беру саласындағы жетекші басқару стиліне бағытталған сұрақтар дайындалып, өңделді. Алғашқы нұсқасын (Delta School District MennoWiebe (B.C. Canada), авторлары жасаған болатын. Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру эксперимент жүргізу барысында жүзеге асырылуда. Зерттеу жұмысының алдағы мақсаты тәжірибелік-эксперименттік зерттеу әдістемелерің жалғастыру.

 

 

Общее направление:Лидерство в школе
Стадия проекта:Продолжается
Тип отчетного документа:Промежуточный отчет (за цикл, за период)
Отчетный период:2019
Год публикации/выхода отчета:2020
Организация:ЦПМ
Автор:Жунусова Фарида Умутжановна
Уровень доступа:общедоступный
Навыки

Опубликовано:

02.07.2020

Оставить комментарий

Авторизация
*
*

Регистрация
*
*
*
Пароль не введен
*

девятнадцать − девять =

Генерация пароля