Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласы түбегейліөзгерістердібастан кешіруде. Жаңарған біліммазмұны бойынша жұмыс жасау арқылы білімсаласын жаңабағытта дамыту, білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу,оқушылардың оқу жетістіктерін арттыружәне оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатыкөзделіп отырғаны баршаға аян.Бұл тұрғыда елбасымыз даеліміздің әлемдегі бәсекеге қабілеттіелдердің қатарына қосылуын басым мақсат ретінде қоя отырып,құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігін мәлімдеген болатын. Осы орайда әлемдік білім жүйесінің озық тәжірибелерін зерделеп, мақсатты түрде қолданудың маңызы өте зор. Бүгінгітаңдаалдыңғы қатарлы инновациялық жаңа идеялардың тоғысуы арқылы білім беруде бәсекегеқабілетті болып отырғанбілім ордаларыНазарбаев Зияткерлік мектептерінде оқыту әдістемесі мен мұғалімніңкәсіби шеберлігін дамыту бағытында кеңінен қолданылып жүрген тәсілдің бірі -Lesson Study зерттеу әдісі блып табылады. Бұл педагогикалық әдіссабақтағы іс-әрекетті ерекше үлгіде зерттеунәтижесінде мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіре отырып, оқушылардың оқу жетістіктерінің сапасын арттыруға бағытталатындығымен ерекшеленеді.Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесінзерделеп, саралайды, жаңа өзгерістер мен оқушыға тиімді әдістерді қарастырады,жетілдіредіжәне енгізеді.
Lesson study- жаңа білім мазмұнында кәсіби даму мен сапалы нәтиже кепілі
Общее направление:AR/LS
Стадия проекта:Завершен
Тип отчетного документа:Отчет по итогам проекта
Отчетный период:2017-2018
Год публикации/выхода отчета:2018
Организация:ЦПИ
Автор:Кунева К.Е.
Документ (файл pdf):Upload the downloaded file
Уровень доступа:общедоступный