Осы жылдың қыркүйек айында Дүниежүзілік банк адами капиталдың жаңа индексін жариялады. Бұл индекс адами капиталды дамыту жобасының құрамдас бөлігі болып табылады, ол қазіргі уақытта туылған баланың 18 жасқа дейін алатын білімі мен дағдыларының деңгейін өлшейді, мұнда әртүрлі елдердегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіне байланысты қауіптер ескерілген.

2018 жылы Қазақстанда адами капитал индексі (АКИ) 0,59-ға тең болды, 2020 жылы ол 0.63-ке дейін өсті. Дегенмен, 2020 жылғы есепте 2018 жылдың қайта есептелген деректері де ұсынылған, ол бойынша аталған кезеңде Қазақстанның АКИ-і 0.78-ге тең болған.

Қазақстандағы АКИ

2020 2018 2018 (қайта саналған) 2010
0,63 0,56 0,78 0,59

АКИ-2020-ға сәйкес 2020 жылы туған Қазақстан азаматтары білім беру мен денсаулық сақтау жүйелері жақсы дамыған жағдайда («мінсіз» жағдайларда) өз әлеуетін ашу ықтималдылығымен салыстырғанда 18 жасына қарай өз әлеуетін 63%-ға ашады. Салыстырып көрейік, әлем бойынша АКИ-дің орташа мәні 0.56-ға тең. Есептеуде пайдаланылған барлық деректерді Дүниежүзілік банк Covid-19 пандемиясына дейін жинаған.

АКИ компоненті Ұлдар Қыздар Барлығы
Жалпы АКИ 0.61 0.65 0.63
5 жасқа дейін тірі қалу көрсеткіші 0.99 0.99 0.99
Қанша жыл оқиды деп күтіледі 13.6 13.8 13.7
Тесттердің үйлестірілген нәтижелері (2020 жылы PISA 2018 нәтижелері пайдаланылды) 411 422

416

Қанша жылдық білім меңгерілді 8.9 9.3 9.1
Ересектердің тірі жүру көрсеткіші 0.78 0.91 0.84
Бойының өсуінде кідірісі жоқ балалардың үлесі (яғни, бойы тапалданып қалмаған балалардың үлесі) 0.92 0.92 0.92

 

Айта кетейік, 2018 жылы Қазақстан адами капитал деңгейі бойынша әлемнің 157 елінен 31-ші орынға ие болды. 2020 жылы индекске 174 ел енгізілді, алайда Дүниежүзілік Банк ресми рейтингтеуден бас тартып,  қорытынды АКИ деңгейіне байланысты елдерді топтарға бөлді. Қазақстан барлығы алты топтан АКИ деңгейі 0,60-0,70 6олатын төртінші топқа кірді.

Индекс авторлары атап өткендей, көптеген басқа елдердегідей  Қазақстанда адами капитал мен ЖІӨ даму деңгейі арасында айқын корреляция байқалады. Десек те, адами капитал деңгейі елдің кіріс деңгейіне қарай күтілетін деңгейден едәуір асатын елдер бар – олардың ішінде Қырғыз Республикасы, Эстония, Вьетнам.

Жоғарыда кестеде келтірілген АКИ компоненттерінің ішінде екеуі халықтың денсаулығы қаншалықты жақсы екенін бағалайды: ересектердің өмір сүргіштігі, ол үшін 60 жасқа дейін өмір сүрер 15 жасар адамдардың үлесі есептеледі және бойы тапал балалардың үлесі қарастырылады. Сарапшылардың айтуынша, 2020 жылы (0,63) Қазақстанның адами капитал деңгейінің  2010 жылмен (0,59) салыстырғанда өсуі негізінен осы екі көрсеткіштің жақсаруына байланысты. Сонымен, ересектердің өмір сүргіштігі 84%-ды құрайды, ал өсуінде кідірісі бар 5 жасқа дейінгі балалардың үлесі  8%.

Білім беру көрсеткіштеріне келетін болсақ, Индекс авторларының пікірінше, Қазақстандағы оқыту сапасының көрсеткіштері айтарлықтай нашарлаған – Дүниежүзілік Банктің авторлық әдістемесіне негізделіп есептейтін болсақ, оқушылар болжалды түрде 13,3 жыл оқығанымен (сарапшылардың есептеуінше қазақстандық балалар орта есеппен осынша уақыт оқиды екен)  тек 9,1 жылға тең білім көлемін меңгереді екен. Салыстырып көрейік, 2018 жылғы индексте Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 11,5 жылға тең болған.

Қанша жылдық білім меңгергенін көрсететін (learning-Adjusted Years of Schooling) бұл есептеу тәсілінің басқа рейтингтердің тәсілдеріне қарағанда (білім беру көрсеткіші ретінде елдегі оқытудың жиынтық жылдары ғана пайдаланылған кезде) ерекшелігі – ол мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім деңгейінде оқыған кезде балалар нақты қандай көлемдегі білімді меңгергенін түсінуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстанның білім беру жүйесіндегі елеулі теңсіздікті және коронавирус пандемиясына байланысты жалпы үрейлі болжамдарды айтады. Бүгінгі таңда тұрмысы ең жоғары 20% отбасыда туылған бала өзінің ықтимал өнімділігінің 64%-ына жету мүмкіндігіне ие, ал ең аз қамтамасыз етілген 20% отбасыда туылған бала өзінің әлеуетінің 53%-ына ғана жетеді екен.

Бұдан басқа, ҚР нәтижелерін таныстыру кезінде Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша білім беру саласындағы жаһандық практиканың жетекшісі Гарри Патринос түсіндіргендей, Қазақстандағы 10 оқушының 7-уі Сovid-19 пандемиясына байланысты оқудан қалыс қалу салдарынан функционалдық сауатсыз болуы мүмкін, бұл олардың болжалды кірістерін 2,9%-ға қысқартып, елде жылына 1,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде жалпы экономикалық шығындарға әкелуі мүмкін.

Адами капитал индексі және ҚР көрсеткіштері туралы ақпаратпен төмендегі сілтемелер бойынша толығырақ танысуға болады.

Дереккөз:

0
*
*

Жаңа тіркелгі
*
*
*
кілтсөз енгізілмеген
*

10 − 6 =

Password generation