Экожүйелер білім беру саласында жаңа құбылыс болғанына қарамастан, әлемнің әртүрлі елдерінде осы тәсілді табысты жүзеге асырудың көптеген мысалдары бар. Осы бөлімде соларға ұқсас бірнеше мысал келтіріледі.

«ДА» анимациялық студиясы – 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ресейлік қайырымдылық жобасы. Студия жұмысы қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен ересектерді эмоциялық, шығармашылық тұрғыдан қолдауға және әлеуметтендіруге бағытталған». Жоба даму барысында қызмет түрлерін арттыуға бет бұрған пікірлестердің бейресми бірлестігі болып табылады. «Да» студиясының қызметі онкология ауруларымен ауыратын және ерекшеліктері бар балалармен мультфильмдер жасау жобасынан басталған болатын. Бастапқыда ол қайырымдылық жобасы болған, ал қазір ол әртүрлі тұрақтылық және қызметті ұйымдастыру нысандары бар жобалар жүйесі.

Барлық жобалар әртүрлі қызмет форматтарын, оның ішінде инклюзивті йога, арт-терапия, ойын түрлері, қызметке кіріктіруді пайдалану арқылы инклюзивті тәсілдемені ұстанады. Соңғы кезеңде осы тақырып бойынша еріктілер мен басқа қауымдастықтарға арналған оқу материалдары пайда болды. Жүргізушілер өз жұмысында ұзақ уақыт бойы келесі технологиялық шешімдер мен онлайн форматтарды қолданады: ата-аналар мен мұғалімдер үшін балалармен бірге мультфильмдер шығаратын онлайн курстар.

StriveTogether жобасы 2011 жылы Кентукки штатында (АҚШ) Цинциннати қаласының қоғам қайраткерлері ұйымымен құрылған. Содан бері 29 штат пен Колумбия округіндегі 70 жергілікті қауымдастықты қамтитын желіге айналды. Бұл жобаның басты мақсаты – балаларды біртұтас және жан-жақты дамыту, ол мектептердегі оқу бағдарламасымен шектелмейді. Қатысушылар балалардың барлық талап-тілектерін (тамақтану, денсаулық және әлеуметтік қажеттіліктерін) қанағаттандыруға тырысады және оларды балабақшадан кейін мектепке, мектептен кейін жоғары оқу орнына түсуге дайындайды. Осы мақсатта StriveTogether балалардың «бесіктен мансапқа дейінгі» кезеңін қамтып, олардың даму траекториясын құру үшін бүкіл жергілікті қауымдастықты тартады. Бұл жобаның ерекшелігі – балалардың әртүрлі жобаларға қатысуы мен жетістіктері туралы деректерді жинау және талдау, бұл белгілі бір кезеңде (мысалы, репетиторлық немесе қосымша білім алу) оларға қажетті қызметті анықтауға мүмкіндік береді. Осы жұмыстың арқасында математикадан нәтижелер жақсарып, жоғары оқу орындарын бітірген түлектер мен балабақшаларға іріктеуден өткен балалар саны артты.

Entrepreneurship360 жобасы аясында ЭЫДҰ мамандары оқу орындарында кәсіпкерлікті дамытуға және ілгерілетуге бағытталған еуропалық білім беру экожүйелеріне талдау жүргізді (Mueller және Toutain, 2015). Талдауда Еуропалық Одақ елдерінде әртүрлі білім беру деңгейлерінде білім беру экожүйелерін табысты жүзеге асырудың мысалдары келтірілген.

ЭЫДҰ талдауындағы мысалдардың бірі – 2013-2014 жылдары ісе қосылған ETHAZI баск жобасы. Испаниядағы Баск еліндегі 5 жеке және мемлекеттік колледждің арасында Tknika ТжКБ саласындағы қолданбалы зерттеулер орталығы. Жобаға 100-ге жуық студент пен 25 мұғалім тартылған. Жобаның мақсаты ТжКБ-да инновацияларды ілгерілету болып табылады, ал орталық идея міндеттерді шешуге негізделген коллаборативті оқыту болып табылады. Сонымен қатар ETHAZI мұғалімдердің кәсіби дамуына бірнеше бағыт бойынша ықпал етеді: жаңа технологияларды пайдалану, креативті әдістер, кейстерді талқылау, талдау және проблемалық оқыту.

ETHAZI жобасы келесі сипаттамаларға байланысты білім беру экожүйесі болып табылады:

  • Оқу ортасын студенттердің қажеттіліктеріне белсенді бейімдеу. Жоба шеңберінде белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін, оның ішінде студенттер арасында белсенді ынтымақтастықты ынталандыру үшін.
  • «Интермодулярлық» – студенттер колледжде оқудың барлық кезеңдерінде нақты жұмыс жағдайларымен және өндірістік үдеріспен іс жүзінде танысатын оқу үдерісін әзірлеуді білдіреді.
  • Сабақ кестесін құру, оқу кеңістігін ұйымдастыру, топтық және жеке жұмыстарды ұйымдастыру сияқты аспектілерде оқытушылар үшін дербестік.

Entreprendre Pour Apprendre қауымдастығының «Mini-enterprise» француз жобасы білім беру мекемелері мен кәсіпкерлерді ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін байланыстыруға тырысатын, мектептерге жергілікті қоғамдастықпен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін білім беру экожүйесі. Бұл мақсатқа қол жеткізу «жасай отырып – үйрену» тәсілдемесін қолдану арқылы мүмкін, мұнда балалар тобы кәсіпкерлермен жұмыс істеп, өнімді сатуға және, мүмкіндігінше, толыққанды бизнес құруға тырысады. Балаларға өз өнімдерін мектеп жағдайында сынау ұсынылады.

Білім беру экожүйелері балама оқу орындары ретінде ұйымдастырылуы мүмкін, олар жергілікті ортаға неғұрлым тығыз енгізілген және оқушыларға қоғамдастық өкілдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Ұқсас тәсіл Нидерландыдағы Knowmads жобасында қолданылады. Бұл жоба оқу үшін өз кеңістігін құрғысы келген оқушыларды біріктірді. Жобаның алғашқы шығарылымында бұрынғы бастауыш мектеп ғимараты болған оқу орны анықталды. Әрбір кейінгі шығарылым кеңістік үшін жаңа дизайн жасауға міндетті, бұл оларды оқу кеңістігін жекелендіруге шақырады. Мұндай тәсілдеме жұмсалған ресурстар тұрғысынан қолжетімді болып келеді, сонымен бірге ол үдеріске қатысушыларды қоршаған ортаны қалыптастыруға белсенді қатысуға және жергілікті қауымдастықпен өзара әрекеттесуге шақырады.

Экожүйелердің ұсынылған мысалдары бұл тәсіл білімнің кез-келген деңгейінде жұмыс істей алатындығын және міндетті түрде ауқымды инвестицияларды қажет етпейтінін көрсетеді. Экожүйелерді білім беру ұйымдары да, жеке тұлғалар да ұйымдастыра алады. Олар кәсіби білім беруді, кәсіпкерлікті дамыту, оқу кеңістігін ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін іздеу, инклюзивті білім беруді дамыту сияқты әртүрлі мақсаттарға қол жеткізуге қызмет ете алады.

 

 

Дереккөздер:

Grossman, A. S., Lombard, A., & Fisher, N. (2014). StriveTogether: Reinventing the local education ecosystem. Harvard Business School Case, 314-031.

Mueller, S., & Toutain, O. (2015). The outward looking school and its ecosystem. Entrepreneurship 360. Thematic paper, OECD.

Спенсер-Кейс Д., Лукша П., Кубиста Д. (2020). Образовательные экосистемы: возникающая практика для будущего образования. Московская школа управления СКОЛКОВО и Global Education Futures: Москва

Дайджест 21 финал_kz

0
*
*

Жаңа тіркелгі
*
*
*
кілтсөз енгізілмеген
*

19 + 9 =

Password generation