BEYOND ACADEMIC LEARNING ЗЕРТТЕУІНІҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ

№23 Дайджест. ЭЫДҰ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫҢ BEYOND ACADEMIC LEARNING ЕСЕБІ

ЭЫДҰ-ның әлеуметтік-эмоциялық зерттеуінің нәтижелері негізгі бес бағыт бойынша түйінделген: оқушылар мен мектептер сипаты, оқу жетістіктері, психологиялық саулық, креативтілік, буллинг пен мектепке деген оқушылардың көзқарасы.

Жалпы алғанда, осы зерттеу жаңа, түбегейлі қорытындыларды ұсынбайды. Зерттеудің нәтижелері негізімен бұрынғы уақыттан бері белгілі заңдылықтардың қатысушы мектептерде орын алатынын дәлелдейді. Дегенмен, осыған дейін оқушылардың әлеуметтік-эмоциялық жағдайы жайлы қоғамдастықтың назарын аударарлық мәліметке қосымша қолдау мен дәлел ретінде Beyond Academic Learning зерттеуінің нәтижесі осы бағыттағы жұмыс жасаудың қажеттілігін ғылыми деректерге сүйеніп негіздеуге мүмкіндік ұсынады.

Сонымен қатар, эмоциялық зият пен оқушылардың әлеуметтік дағдылары және олардың оқу жетістіктерімен байланысын зерттейтін еңбектердің салыстырмалы түрде шектеулі болғандықтан Beyond Academic Learning секілді есептер әлеуметтік-эмоциялық дағдылардың білім беру контекстінде қажетті екендігін дәлелдеуге септігін тигізетіні ықтимал.

Оқушылардың демографиялық сипаттары және әлеуметтік-эмоциялық дағдылары. Зерттеудің ең айқын қорытындыларының бірі – 15 жасар оқушылардың 10 жасар балаларға қарағанда әлеуметтік-эмоциялық дағдылардың көпшілігі бойынша көрсеткіштері төмен. Уақыт өте келе тек балалардың толеранттығы мен өзін-өзі ұстауы артады, ал оптимизм, сенім және қуаттары төмендейді. Қыздар арасында көптеген факторлар ұлдарға қарағанда әлдеқайда төмен. Сонымен қатар әлеуметтік-эмоциялық дағдыларға оқушылардың әлеуметтік-экономикалық статусының рөлі аса зор.

Зерттеу нәтижесінде аса маңызды мәлімет – мектептер арасында мен мектептер ішіндегі көрсеткіштердің айырмашылығы. Егер негізгі дағдылар бойынша мектептер арасындағы айырмашылық аса үлкен болмаса, мектеп ішінде оқушылар арасында айтарлықтай өзгешеліктер байқалады, бұл өзгешеліктер тіпті сынып ішінде де қалыптасуы мүмкін, алайда зерттеу бұл деңгейдегі деректерді қарастырмады. Яғни, қабілеттері бірдей деңгейдегі екі балалар екі түрлі мектепте оқып, өздерінен күтетін нәтижелері мүлдем өзгеше болуы мүмкін. Бұл жағдаят когнитивті емес дағдылардың контекстіге байланысты екенін көрсетеді.

Оқу жетістіктері. Осы бағытта да нәтижелерді аса айқын болып санауға болады. Біріншіден, білімге қызығатын және қойған мақсатқа ұмтылатын балалардың жетістіктері тиісінше жоғары болады, яғни мектептер білім беру үдерісі оқушыларды қызықтыратындай ұйымдастырулары қажет. Екіншіден, білім беру ортасын оқушылардың ыңғайына барынша бейімдеу мен оқушыларды білім алуда дербестік танытуға шақыру арасында теңгерім қажет. Сонымен қатар:

  • 15 жасар оқушылардың сенімі мен олардың математика бойынша үлгерімі арасында оң байланыс анықталды;
  • оқушылардың білімге деген қызығушылықтары олардың болашақта оқуды жалғастыру жоспарларына ықпалы бар;
  • әлеуметтік-эмоциялық дағдылар мен болашақ мамандық жоспары біріне-бірі өзара әсер етеді, яғни оқушылар өз мінезіне қарап мамандық таңдауы немесе болашақ мамандықтарына қажет дағдыларды дамытуы мүмкін. Осы жағдаятты мектеп тарапынан оқушыларға кәсіби бағдар беруде ескерген жөн.

Оқушылардың психологиялық саулығы. Оқушылардың әл-ауқатына бірқатар факторлар әсер етеді, олардың арасында оптимизм, күйзеліске төзімділік, эмоцияны басқарудың рөлі әсіресе зор. Сонымен қатар, ЭЫДҰ мамандары бәсекелестік пен қолдаудың арасындағы байланысқа назар аударады. Бәсекелі ортада оқушылардың әл-ауқатын жетілдіру мақсатында әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету қажет.

Оқушылардың креативтілігі. Зерттеу аясында креативтілігі жоғары балалардың білім беруге қызығушылықтары мен қайсарлық деңгейлері жоғары, алайда өздерін-өзі немесе эмоцияларын басқару бойынша деңгейлері әр-түрлі екені байқалған болатын. Сонымен қатар, уақыт өте келе оқушылардың креативтілігі төмендейді және қыздардың креативтілігі көбірек төмендейді.

Буллинг және мектепте оқушылардың арасындағы қарым-қатынас. Соңғы бөлімде ЭЫДҰ мамандары буллинг, оқушылар арасындағы жалпы қарым-қатынас және олардың мектеп өмірінде орны туралы көзқарастарын қарастырды. Өздерін мектептің құрамдас бөлігі ретінде санайтын оқушылардың өзара әрекеттесу, оптимизм және әлеуметтілік деңгейлері жоғары болды, ал оқушы-мұғалім қарым-қатынастары оптимизм, білімге деген құмарлық және әлеуметтікке оң әсерін тигізді. Жалпы алғанда, жасы кіші ұл балалар буллингке көбірек ұшырса, жасы үлкен қыз балалар өздерін мектептің құрамдас бөлігі ретінде азырақ санайды.

 

Дереккөздер:

OECD (2021), Beyond Academic Learning: First Results from the Survey of Social and Emotional Skills, OECD Publishing, Paris.

 

1-бөліміне сілтеме

0
*
*

Жаңа тіркелгі
*
*
*
кілтсөз енгізілмеген
*

one + 16 =

Password generation