Дайджестің осы бөлімінде біз дербестірілген оқытуды жүзеге асырылу нәтижесін талқылағымыз келеді

1-бөлім. Дербестірілген оқыту бойынша халықаралық тәжірибе 

Дербестірілген оқытудың оқу моделі ретіндегі идеяның дамуы 1970 жж. ортасынан бастау алады (Keefe, 1989). Дербестендіру – мектептің тарапынан оқушының жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеруде және оқу ортасын ұйымдастыруда икемді оқу практикаларға сүйенуде талпыныс жасау (Jenkins & Keefe, 2002). Осылайша оқыту оқушы мен оның өміріндегі ересектердің арасындағы үздіксіз сұхбатқа негізделеді, және ол үшін оқушының қажеттіліктері мен қызығушылықтары және контекст аса маңызды (Pane et al., 2017).

Киф пен Дженкинс пікірінше дербестірілген оқытуды тиісті түрде жүзеге асыру үшін мына элементілер маңызды:

  • мұғалімнің тренер мен кеңесші ретіндегі қосарлы ролі;
  • оқушы оқуының тиісті сипаттарына диагностика;
  • мектептің алқалы мәдениеті;
  • интерактивті оқу ортасы;
  • оқытуда икемді кесте мен темп; және
  • оқытудың шынайы бағалануы (Keefe & Jenkins, 2000).

Дербестірілген оқытуды жүзеге асырған америкалық және канадалық мектептердің тәжірибесін зерттеп, Киф пен Дженкинс мына оң нәтижелерді атап өтті:

  • Оқушылар оқулары және қоғамдағы мүше болулары үшін жауапты болуы.
  • Мұғалімдер мен оқушылар, мұғалімдер арасында және оқушылардың өздерінің арасында оң қарым-қатынас қалыптасады.
  • Ересектер оқушылардың оқуына араласпай, қажетті уақыт ұсынады және қате жасауға мүмкіндік береді.
  • Оқушы мүмкіндіктерінің саны артады.
  • Білім беру үдерісінің қатысушылары оқыту мазмұны мен үдерісіне әрдайым рефлексия өткізеді.

Икуми Курсье ағылшын мектептерде мұғалімдер дербестірілген оқытуды қалайша түсінетінін зерттеді. Терминологиядағы тапшылықтарға орай ұстаздар дербестірілген оқытуды жекеленген оқытумен жиі шатастыратыны анықталды. Сондықтан да осы екі түсініктің арасындағы айырмашылықты түсіну қажетті. Олардың екеуі де бір мақсатты көздейді, яғни қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттындандыру және өмір бойы оқуды жалғастыратын жеке оқушының қабілетін ашу. Алайда мұғалімдер мен оқушылардың өз міндеттерін түсінуде екі оқыту түрі әр-түрлі. Нақты айтқанда, дербестірілген оқыту аясында нәтижелерге жету үшін мұғалімдер де, оқушылар да жауапты. Жекеленген оқытуда мұғалімдер жетекші рөл атқарып, оқушыларға нәтижеге жетуде бағыт береді (Courcier, 2007).

Билл мен Мелинда Гейтс фондының жуырғы жобасының аясында RAND корпорациясының зерттеушілері АҚШ 40 мектептерінде дербестіріліген оқыту мен оны жүзеге асырудағы қиындықтарды зерттеді. Зерттеушілер дербестіріліген оқытуды табысты жүзеге асыру өзара тәуелді 4 стратегияға негізделетіні туралы тұжырым жасады:

  • Оқушылар профилінде артықшылықтар, қажеттіліктер, мақсаттар мен оқушылардың үлгерімі туралы ауқымды және өзекті деректер бар.
  • Оқытудың жекеленген траекториялары әр оқушыға оқыту материалдың тиісті және ойластырылған таңдалымын ересектердің тарапынан қажетті көмекпен бірге қамтамасыз етеді.
  • Біліктілік негізіндегі даму оқушыларға табиғи түрде жекеленген траектория тауып жүруге мүмкіндік беріп, материал мазмұны, белгілі бір тақырыпты өту мерзімі мен ұзақтығы секілді сыртқы шектеулерді жояды.
  • Икемді оқу ортасы дербестірілген оқыту үдерісін барынша тиімді түрде сүйемелдеу үшін мектептерге ресурстарды таратуда жаңа шешімдерді табуға мүмкіндік береді (Pane et al. , 2017).

Дербестірілген оқытуды жүзеге асырудағы қиындықтарға тоқталсақ, жалпы АҚШ бойынша көрсеткіштерге қарағанда, жұмыс ортасы мен еңбек шарттары секілді факторлар дербестірілген оқытуға қатысқан мұғалімдерге деген ықпалы төмен. Осы факторлар жататын мыналар: әкімшілік тарапынан қолдау жоқтығы, материалдың нақты мазмұны мен көлемін қамту міндеті, оқушылар туралы деректердің жоқтығы, оқу бағдарламасының икемсіздігі және кестенің шектеулері. Бірақ дербестірілген оқытуды қолданатын мектептердің көбі тәртіп пен оқушылардың әлеуметтік-эмоциялық дағдылары тәрізді оқудан тыс көрсеткіштерді өлшеуде және оны үлгерім туралы ақпаратпен біріктіруде қиындықтарға тап болды. Сондықтан да мақсаттарды анықтап, алдағы оқу стратегиясын негіздеу қиынға соқты. Мұғалімдер дербестірілген сабақты әзірлеуге қажетті уақытқа жиі тапшы болды. Кейде олар оқыту ырғағын басқара алмайтындықтан оқушылардың материал игере алмайтынына тап болды. Ауқымды тапсырмаларды орындауға қажетті топтарды ұйымдастыру да қиындық келтірді. Икемді кестенің кейбір сипаттарында да кемшіліктер айқындалды, себебі мектеп деңгейінде икемді жоспарлау мүмкіндіктері шектеулі болды, бірақ сынып деңгейінде оны ұйымдастыру мектептердің қолдарынан келді.

Ұсыныстар

Пейн мен басқалардың (Pane et al., 2017) тұжырымына негізделіп, RAND зерттеушілері аймақ немесе мектеп деңгейінде дербестірілген оқытуды жүзеге асыру мақсатында мынаны ұсынады. 

Мұғалімдерге жаңа оқу тәсілдерін сынақтау және олардың тиімділігін тексеру үшін ресурстар мен уақыт ұсыну. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне икемділік, уақыт пен сынаққа қажетті ресурстарды ұсыну маңызды. Сонда олар жаңа тәсілдердің тиімділігі туралы деректерді жүйелі жинастыруды және талдауды ойластыратын және қажет болса өзгеріс енгізетін мүмкіндіктері болады. 

Мұғалімдерге оқу материалдары мен оқушыларды бағалау өлшемдерін даярлау үшін ресурстар мен уақыт ұсыну. Егер ұстаздар өз оқу материалын даярлауды қаласа, осы істі орындау үшін икемділік, уақыт пен ресурстары бар екенін және оқытушылық қызметін орындауға деген әсері барынша аз болғанын қадағалау қажет. 

Оқу бағдарламаларымен жұмыс жасау тәжірибесі бар мектептің бір-екі технология маманын тағайындау. Олар мұғалімдерге ресурстық тірек болады. Кейбір технологиялық ресурстардың оқытудағы негізгі дербестірілген стратегияларды жүзеге асыру үшін әлеуеті бар. Алайда технологиялар мен оқытуды біріктіру мұғалімдер үшін жиі қиынға соғады. Сондықтан да техникалық қиындықтардан арылуда, техникалық тұрғыда біріктірілген сабақтар мен жобаларды құруда, т.б. мұғалімдерге көмек қажет. 

Ең келісті сандық пен бейсандық оқу материалдарды таңдау үшін мектеп қызметкерлеріне ресурс ұсынып, қолдау көрсету. Мектеп қызметкерлерін қажетті ресурстар (мысалы, уақыт, қаржы, қосымша қызметкерлер) мен қолдаумен (мысалы, оқу бағдарламалары бойынша сарапшылар немесе саралау, бейімдеу не құрамдастырудың балама құралдары) қамтамасыз ету олардың оқу бағдарламаны даярлау жүктемесін жеңілдетуге септігін тигізе алады. Бұл ұстаздарға оқытуға тікелей уақыт бөлуге мүмкіндік береді. 

Дерек жүйелерін біріктіру үшін мектеп қызметкерлеріне ресурс ұсынып, қолдау көрсету. Мектепте қолданатын дерек жүйелерінің көбі академиялық немесе тәртіптік деректерді әлі де біріктірмейді. Осыған орай мұғалімдерге осы деректерді біріктіріп, түсінік берулеріне тура келеді. Ресурс ұсынып, қолдау көрсету мұғалімдерге деректерді енгізіп, біріктіру жұмысын жеңілдетеді әрі оқытуға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. 

2-бөлім. Зияткерлік мектептерде дербестірілген оқытуды жүзеге асыру тәжірибесі 

Зияткерлік мектептерде дербестірілген оқытудың 2 моделі жүзеге асырылады: «Жеделдетілген оқыту» (8-10 сынып бағдарламасын 2 жылда оқыту, бұдан әрі – 1-модель) және «Жекелендірілген білім беру маршруты» (бұдан әрі – 2-модель). 

Дербестірілген оқытудың (бұдан әрі – ДО) жүзеге асырылу ерекшеліктерін зерттеу мақсатында 2020 жылдың көктемінде деректерді жинастыру және талдау жұмысы орындалды. Сапалық деректер (фокус-топтар мен ұстаздар, оқушылар мен ата-аналармен жеке сұхбаттар) 10 Зияткерлік мектепте жинастырылды. Фокус-топ пен сұхбаттарға қатысқан 62 ұстаз, 61 оқушы мен 26 ата-ананың ДО, оның мақсаттары, оқу үдерісі және бағалау қалайша түсінетіні зерттелді. 10 сабаққа бақылау жүргізілді. Сонымен қатар, 16 Зияткерлік мектептің 13 директоры мен 16 директор орынбасары ДО туралы сауалнамаға қатысып, үдеріске әкімшілік көзқарасты ұсынды.

Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың ДО-ны қалайша түсінетінін зерттеу барысында 2-модельдің түсінуде қиындық туындайтыны айқындалды. Оқушылардың осы модельге қатысты болжамдары ақталмаған жағдайлар және анықталды (балалар 2-модельде оқып, мектепті ерте бітіре алатынын қате түсінді). Оған қоса бағдарламаны санасыз түрде таңдалған жағдайлар да анықталды. 1-модель бойынша мұғалімдер мен оқушылар арасында бағдарлама мақсаты (бағдарламаның жеделдетіп меңгеру арқылы оқу мерзімін 1 жылға қысқарту) бойынша ортақ түсінушілік болса, 2-модельді түсінуде әр-түрлі пікірлер бар. Мұғалімдер де, оқушылар да бағдарлама мақсатын өзгеше түсінеді. Кейбіреуі ДО-ның мәнін таңдаған пәндерді тереңдетіп оқу, күрделі материалды өту, қосымша дайындалу болып таниды. Өзгелер керісінше негізгі материал көлемін қысқа мерзімде өтіп, оқушыларға басқа нәрсемен айналысуға уақыт береді деп ойлайды. Осыған орай ұстаздар ДО-ны жүзеге асыру анық нұсқаулықты қалайды. 

Мұғалімдер мен оқушылар осы бағдарлама бойынша оқу мен жүзеге асыру тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту моделін таңдаудағы уәждеме, оқу үдерісінің әр-түрлі аспектілері (оқу кестесі, бағалау, үлгерімге ықпал, әлеуметтену) және басқа да сипаттар туралы сөз қозғады. Соңында ДО бағдарламасының артықшылықтары балалар, ата-аналар, ұстаздар мен мектеп әкімшілігінің тұрғысынан зерттелді. Қиындықтар, жетілдіруді қажет ететін тұстар мен оларды шешу жолдары ұсынылды. 

ДО бағдарламасының артықшылықтарына тоқталатын болсақ, сауаланамаға қатысушы мектеп әкімшілігінің 100%-ы, оқушылар оқу тәжірибесіне қанағаттанды. 

  • Уақытты қайта бөліп ұйымдастыру: көптеген мектеп әкімшілік өкілдерінің айтуынша, оқушылар өз уақытын көбірек бағалай бастады. 2-модель бойынша оқитын оқушылардың көбі бағдарламаны тез меңгеру арқасында бос уақыттың көбейгенін хабарлайды. Олардың басқа пәндер мен хоббимен айналысуға, демалысқа мүмкіндіктері бар. Бұның олардың қал-жағдайына әсері оң. 
  • Оқушылардың мінез-тұлғалық дамуы. Оқушылар да, ата-аналар да ДО-ға көшудің арқасында балалар дербестік, уақыт басқару және өзін-өзі реттеу секілді дағдыларды дамытқанын және оқуға деген жауапкершілігін көбірек сезетіндігін байқады. 
  • Оқушылардың тереңдетілген білімі мен ынтасы. Балалардың психологиялық жағдайы мен оқуға деген қызығушылықтары күшейді. ДО енгізілген соң ынтасы бұған дейін төмен болған оқушылар оқуға деген құштарлықтарын қайта жандандыра алды. 
  • Бағдарламаның икемділігі. Оқушылар жеке маршрутты өздерінің оқу ырғағы мен қызығушылықтарын ескеріп құру үдерісіне араласа алады. 
  • Ғылыми-зерттеу жобаларымен айналасу мүмкіндігі. Оқушылар ДО үшін таңдаған пәндері бойынша жоба дамыта алады немесе ДО арқасында босатылған уақытты өздерін қызықтыратын зерттеуге бөле алады. Мұғалімдер де зерттеумен айналыса алады, мысалы, бірнеше ұстаз ДОны мүмкіндік ретіне көріп, ісрекеттегі зерттеуді (Action research) жүргізді, кәсіпқойлығын нығайтты, т.б. 

Дербестірілген оқытудың артықшылықтарымен қатар зерттеу қатысушылары бағдарламаның аясында туындаған қиындықтарды да атап өтті  

  • Оқушылардың жүктемесі. оқушылар да, ата-аналар да, мұғалімдер де 1-модель бойынша оқитын баланың жүктемесі ұлғайғанын хабарлады. Сабақ кестесінде бос уақыт аз қалып, үй тапсырмасын орындауға, үйірмелерге, қосымша іс-шараларға уақыт қалдырмайды. 
  • Мұғалімдердің жүктемесі. Зияткерлік мектептер директорлары, олардың орынбасарлары және мұғалімдердің көпшілігі ұстаздардың жүктемесі көбейгенін айтты. Қосымша жоспарлау, бағалаудағы саралау және басқа да тапсырмаларға уақыт жұмсалады. Кейбір мұғалімдер ДО бойынша оқитын балалардың үлгерімін ойлайтындықтан психологиялық жүктеменің де көбейгенін хабарлады. 
  • Оқу бағдарламасы. Зияткерлік мектептер әкімшілігі мен ұстаздары ДО оқу бағдарламасының осал тұстарына көңіл аударды. Бағдарламаларда сәйкессіздіктер бар, кейбір пәндер бойынша (физика, математика, химия) оқу мақсаттарының саны аса көп, бір сабақтың үстінде бірнеше оқу мақсаттары ұсынылады. 

Зерттеу нәтижесінде келе жатқан оқу жылдағы Зияткерлік мектептерде ДО-ны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды. 

Пайдалынған әдебиет

Courcier, I. (2007). Teachers’ perceptions of personalised learning. Evaluation & Research in Education, 20(2), 59-80.

Jenkins, J. M.& Keefe, J. W. (2002). Two schools: Two approaches to personalised learning. Phi Delta Kappan, 83(6), 449-456.

Keefe, J. W. &Jenkins, J. M. (2000). Personalised Instruction: Changing Classroom Practice. Larchmont, N.Y.: Eye on education

Keefe, J. W. (1989) Personalised Education. In Walberg H.J. & Lane J.J. (Eds.) Organizing for Learning: Toward the 21st Century. Reston: National Association of Secondary School Principals, pp. 72-81.

Pane, J. F., Steiner, E. D., Baird, M. D., Hamilton, L. S., & Pane, J. D. (2017). Informing progress: Insights on personalized learning implementation and effects.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*
Password generation