Жаңалықтар
2027 жылғы халықаралық конференциялар
2027 жылы білім беру саласындағы жетекші халықаралық ғылыми қауымдастықтар ұйымдастыратын бірқатар беделді конференциялар өтеді. Бұл конференциялар білім беру зерттеулерінің нәтижелерін ұсынуға, халықаралық тәжірибе алмасуға, оқыту мен оқу, білім беру саясаты, мектеп көшбасшылығы, цифрлық технологиялар және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналған маңызды ғылыми алаңдар болып табылады.
1. ICSEI — International Congress for School Effectiveness and Improvement
Тақырыбы: мектептердің тиімділігін арттыру, мектеп көшбасшылығы, білім сапасын жақсарту, зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу, оқушылар мен педагогтердің әл-ауқаты.
Кімдерге арналған: зерттеушілер, мектеп басшылары, білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының өкілдері.
Өтетін күні: 2027 жылғы 4–8 қаңтар.
Өтетін орны: Банф, Канада.
Конференция тақырыбы (2027): Be Well, Learn Well: Strengthening Belonging, Wellbeing, and Academic Growth.
Тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 31 қазан – 18 желтоқсан.
Ресми сайт: https://icsei.org/congress/icsei-2027/
2. SITE 2027 — Society for Information Technology and Teacher Education
Тақырыбы: педагогтердің кәсіби дамуы, білім берудегі цифрлық технологиялар, оқытудың инновациялық әдістері, технологияларды мұғалімдерді даярлауға енгізу.
Кімдерге арналған: зерттеушілер, оқытушылар, педагог кадрларды даярлау мамандары, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер.
Өтетін күні: 2027 жылғы 15–19 наурыз.
Өтетін орны: Нэшвилл, АҚШ.
Өтінім беру мерзімі: 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін.
Ресми сайт: https://site.aace.org/site-2027-nashville/
3. ACEID 2027 — Asian Conference on Education & International Development
Тақырыбы: білім беру зерттеулері, білім берудің халықаралық дамуы, білім беру саясаты, білім берудің теңдігі мен қолжетімділігі, оқытудағы инновациялар.
Кімдерге арналған: зерттеушілер, педагогтер, білім беру саясаты саласының өкілдері, докторанттар.
Өтетін күні: 2027 жылғы 31 наурыз – 4 сәуір.
Өтетін орны: Токио, Жапония (онлайн форматы қарастырылған).
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 11 желтоқсанға дейін.
Ресми сайт: https://aceid.iafor.org/
4. CIES Annual Conference 2027 — Comparative and International Education Society
Тақырыбы: салыстырмалы және халықаралық білім беру, білім беру саясаты, жаһандық білім беру үдерістері, мүмкіндіктер теңдігі, тұрақты даму.
Кімдерге арналған: зерттеушілер, білім беру ұйымдарының өкілдері, университет оқытушылары, талдаушылар.
Өтетін күні: 2027 жылғы 3–7 сәуір.
Өтетін орны: Мэдисон, Висконсин штаты, АҚШ.
Конференция тақырыбы (2027): Reimagining Life: Education for Planetary Justice.
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 3 қыркүйекке дейін — жабылған.
Тыңдаушыларды тіркеу мерзімі: 2026 жылғы 1 желтоқсан – 2027 жылғы 14 қаңтар.
Ресми сайт: https://www.cies2027.org/
5. AERA Annual Meeting 2027 — American Educational Research Association
Тақырыбы: білім беру зерттеулері, педагогика, оқыту психологиясы, білім беру саясаты, бағалау, мектеп көшбасшылығы және технологиялар.
Кімдерге арналған: зерттеушілер, университет оқытушылары, аспиранттар мен докторанттар, талдаушылар.
Өтетін күні: 2027 жылғы 14–18 сәуір.
Өтетін орны: Торонто, Канада.
Конференция тақырыбы (2027): Transcending Borders and Boundaries in Education Research: Toward a Beloved Global Community.
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 24 шілдеге дейін — жабылған.
Баяндамашыларды тіркеу мерзімі: 2027 жылғы 12 ақпанға дейін.
Ресми сайт: https://www.aera.net/Events-Meetings/Annual-Meeting/2027-Annual-Meeting
6. WERA Congress 2027 — World Education Research Association
Тақырыбы: халықаралық білім беру зерттеулері, салыстырмалы зерттеулер, әдіснамалар, трансұлттық ынтымақтастық, зерттеу желілерін дамыту.
Кімдерге арналған: зерттеушілер, ғылыми қызметкерлер, университет оқытушылары, білім беру саясаты саласының мамандары.
Өтетін күні: 2027 жылғы 22–24 маусым; алдын ала семинарлар — 21 маусымда.
Өтетін орны: Бильбао, Испания, University of Deusto.
Конференция тақырыбы (2027): Many Contexts, One Global Inquiry: Rethinking Education Research Together.
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 15 қарашаға дейін.
Ресми сайт: https://weracongress2027.es/
7. BELMAS Annual Conference 2027 — British Educational Leadership, Management and Administration Society
Тақырыбы: мектеп көшбасшылығы, білім беру ұйымдарын басқару, мектептерді дамыту, ұйымдастырушылық өзгерістер, білім беру менеджменті.
Кімдерге арналған: мектеп басшылары, зерттеушілер, білім беру менеджменті және ұйымдарды дамыту мамандары.
Өтетін күні: 2027 жылғы 9–11 шілде.
Өтетін орны: Ньюкасл-апон-Тайн, Ұлыбритания.
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 29 қарашаға дейін.
Ресми сайт: https://www.belmas.org.uk/events/belmas-annual-conference-2027
8. EARLI 2027 — European Association for Research on Learning and Instruction
Тақырыбы: оқыту мен оқу үдерістерін зерттеу, педагогикалық тәжірибелер, дәлелдемеге негізделген тәсілдер, мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттестігі, білім беру инновациялары.
Кімдерге арналған: зерттеушілер, университет оқытушылары, педагогика және оқыту психологиясы мамандары.
Өтетін күні: 2027 жылғы 23–27 тамыз.
Өтетін орны: Белфаст, Солтүстік Ирландия, Queen's University Belfast.
Конференция тақырыбы (2027): Learning and Instruction for Dialogue Across Divides.
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 26 қарашаға дейін.
Қосымша: жас зерттеушілерге арналған JURE 2027 конференциясы 21–22 тамызда өтеді.
Ресми сайт: https://www.earli.org/events/earli2027
9. ECER 2027 — European Conference on Educational Research
Тақырыбы: білім беру зерттеулері, кәсіби қауымдастықтар, білім беру көшбасшылығы, педагогикалық практика, салыстырмалы білім беру.
Кімдерге арналған: зерттеушілер, оқытушылар, докторанттар, білім беру ұйымдарының мамандары.
Өтетін күні: 2027 жылғы 31 тамыз – 3 қыркүйек.
Өтетін орны: Дебрецен, Венгрия.
Конференция тақырыбы (2027): Learning Communities and Shared Futures in Education.
Өтінім беру мерзімі: 2027 жылғы 31 қаңтарға дейін; өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 желтоқсаннан басталады.
Қосымша: Emerging Researchers' Conference — 30–31 тамыз.
Ресми сайт: https://eera-ecer.de/conferences/ecer-2027-debrecen
10. ESERA 2027 — European Science Education Research Association Conference
Тақырыбы: жаратылыстану-ғылыми білім беру зерттеулері (Science Education), сыни ойлауды дамыту, жаратылыстану пәндерін оқыту, жасанды интеллект пен жалған ақпараттың білім беруге әсері, ғылыми сауаттылық пен ақпаратты сыни талдау дағдыларын қалыптастыру.
Кімдерге арналған: білім беру саласындағы зерттеушілер, университет оқытушылары, жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері, педагогтерді даярлау және білім беру зерттеулері мамандары.
Өтетін күні: 2027 жылғы 30 тамыз – 3 қыркүйек.
Өтетін орны: Малага, Испания.
Конференция тақырыбы (2027): Fostering Critical Thinking from Science Education in an Age of Misinformation and Artificial Intelligence.
Өтінім беру мерзімі: 2027 жылғы 31 қаңтарға дейін (CET бойынша 23:59).
Тіркелу мерзімі: өтінімдері қабылданған баяндамашылар рецензиялау нәтижелері жарияланғаннан кейін бір ай ішінде тіркелуі тиіс. Нәтижелер 2027 жылғы сәуірде күтіледі.
Ресми сайт: https://esera2027.org/
11. BERA Annual Conference 2027 — British Educational Research Association
Тақырыбы: педагогикалық зерттеулер, мұғалімдердің кәсіби дамуы, білім беру саясаты, зерттеу әдіснамасы, мектеп практикасы және білім берудің әлеуметтік аспектілері.
Кімдерге арналған: зерттеушілер, оқытушылар, мұғалімдер, білім беру саясаты саласының мамандары.
Өтетін күні: 2027 жылғы 14–16 қыркүйек.
Өтетін орны: Манчестер, Ұлыбритания, University of Manchester.
Өтінім беру мерзімі: 2027 жылғы 31 қаңтарға дейін.
Ресми сайт: https://www.bera.ac.uk/conference/bera-conference-2027