Ғылыми- академиялық кеңес
Ғылыми- академиялық кеңес
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Ғылыми- академиялық кеңесі ДББҰ-да ғылыми қызметті дамыту және ғылыми зерттеулерді басқару мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің функциялары:
ғылыми жарияланымдар мен жқмыстарға шолу және басып шығаруға ұсыныс беру;
аралық және қорытынды есептерді тыңдауды қоса алғанда, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдерді қарау және бекіту бойынша ұсыныстар беру;
ғылыми және құрметті атақтарды, жеке шәкіртақылар мен сыйлықтарды тағайындауға үміткерлерді қарау және бекітуге ұсыну;
ДББҰ қызметкерлерін және шығармашылық ұжымдарды салалық, мемлекеттік наградалар мен ғылым саласындағы қызметі үшін құрметті атақтарға ұсыну мәселелері мен ұсыныстарын қарау;
ДББҰ-ның ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың барлық іргелі мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін қарау және ұсынымдар беру.
ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасын қарастыру.