banner

Іс-шаралар

Іс-шаралар

2024-2025 жылдары Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында төрт тренинг өткізіледі.

Тренингке өз мектептерінде жоба үйлестірушілері рөлін атқаратын 20 қызметкер (әр мектептен бір өкілден) қатысады.

Тренингтердің өткізу мерзімдері:

- 2024 жылдың 23-26 қыркүйегі;

- 2025 жылдың 24 -28 ақпаны;

- 2025 жылдың 9-12 маусымы;

- 2025 жылдың 20-23 қазаны.

Тренинг бағдарламасының тақырыптары кең ауқымды қамтиды, соның ішінде:

- іс-әрекетті зерттеудің (Action Research) негізгі түсініктері;

- мектептегі топ мүшелерінің рөлдері мен жауапкершілігін анықтау және бекіту;

- жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау;

- фасилитативтік дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту;

- мектептегі іс-әрекетті зерттеу жобасының жоспарын құру;

- оқыту мен оқуға деген көзқарасын дамыту;

- іс-әрекеттігі зерттеулерге шолу жасау және бағалау.

Тренингтер іс-әрекеттегі зерттеу процесіне терең енуге және қатысушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Бұл ретте қатысушылар іс-әрекеттегң зерттеу әдісін жоспарлау, орындау, бақылау және рефлексия жасауды үйренеді, бұл педагогтердің өзекті мәселелерді анықтауға және шешуге, оқыту тәжірибесін жақсартуға және өз мектебіндегі білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар әр мектеп үшін ай сайын онлайн форматта менторлық және коучингтің сессиялар (2-3 сағаттан) өткізіледі. Бұл сессиялар барысында жобаны енгізуге және жүзеге асыруға көмек көрсетіледі, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылау және сыни достар мен әріптестерден кері байланыс алу үшін кездесулер өткізуді қамтиды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-