Жоба туралы
Жоба туралы
2024 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы шетелдік серіктесімен бірлесіп «NIS/SHARE» жобасын іске асыра бастады.
«NIS/SHARE» 2019-2022 жылдар аралығында Астана қаласының мектептерінде жүргізілген «SHARE» жобасының жалғасы болып табылады.
«NIS/SHARE» мақсаты ― мектепті дамыту және тәжірибені тарату үшін әлеуетті дамыту арқылы іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін (Action Research) пайдалануға үйрету.
«NIS/SHARE» жобасы аясында Астана қаласында тренингтер («тренерлерді оқыту» тәсілі), сондай-ақ менторлық және коучингтік онлайн сессиялар, директорларға вебинарлар өткізіледі.
Әр мектепте 5 адамнан тұратын команда құрылды (директор, директор орынбасары, үйлестіруші, мұғалімдер).
Жобаның жаттықтырушылары -Кембридж университетінің білім беру факультетінің құрметті профессоры Коллин Маклафлин (Colleen McLaughlin), Кембридж мектебінің тәжірибелі директоры және кеңесші Кэйт Эванс (Kate Evans), сондай-ақ «SHARE» жобасы аясында көп жылдық тәжірибесі бар кеңесші Алтынгүл Тайбасарова.
Жобаны үш жыл ішінде (2024 жылдан 2027 жылға дейін) өткізу жоспарлануда.
Бірінші жылы (2024-2025 жж.) жобаға іріктеуден өткен 20 мектеп қатысады:
- Астана қ. жалпы білім беретін 10 мектебі (№ 37, 50, 59, 60, 67, 72, 74, 75, 90, 91);
- 10 Зияткерлік мектеп (Астана қ. (3), Атырау, Көкшетау, Қостанай, Семей, Өскемен, Талдықорған, Түркістан).
Жобаның екінші жылына (2025-2026 жж.) 19 мектеп қосылды:
- Астана қ. 7 жалпы білім беретін мектептері (№ 2, 35, 40, 56, 58, 76, 97);
- Алматы (2 мектеп), Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал және Шымкент (2 мектеп) қалаларындағы 12 Зияткерлік мектеп.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес ДББҰ өз тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге, атап айтқанда тірек білім беру ұйымдарының әлеуетін дамыту жөніндегі жоба шеңберінде әдістемелік қолдау көрсету жолымен таратуды жалғастыруда.
Бірінші жылы оқытуды және алған тәжірибені ескере отырып, 10 Зияткерлік мектеп екі тірек білім беру ұйымымен жұмыс жүргізеді. Ол мектеп мұғалімдерінің кәсіби өсуіне және мектеп деңгейінде білім беру ортасын өзгертуге бағытталған іс-әрекеттегі зерттеу әдісіне үйретеді. Сонымен қатар, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептері де 2025 жылдың қараша айынан бастап қаладағы екі мектептен жұмыс істей бастайды.
Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығы Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жұмысын жалпы сүйемелдеуді және үйлестіруді жүргізеді.