banner

Мұғалімдердің зерттеу жұмыстары

Мұғалімдердің зерттеу жұмыстары

Бұл бөлімде кәсіби алаңдарда ұсынылған мұғалімдердің зерттеу жұмыстары беріледі.

Бұл материалдар педагогтарға өз зерттеулерінің нәтижелерін бөлісуге, өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ оқыту сапасы мен кәсіби дамуды жетілдірудің жаңа тәсілдерін табуға мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстарды жариялау мектептер арасындағы желілік ынтымақтастықты нығайтып, мұғалімдердің зерттеушілік қызметінің одан әрі дамуына ықпал етеді.

NIS SHARE жобасы оқыту тәжірибесіне зерттеу тәсілін енгізу арқылы педагогтердің кәсіби қауымдастығын дамытуға бағытталған. Бірінші когорта аясында 40-тан астам зерттеу жұмысы жүзеге асырылды, оның ішінде кейс-стади мен рефлексивті бейнематериалдар бар. Нәтижелер конференциялар мен кәсіби алаңдарда таратылды.

Жобаға қатысу мұғалімдерге сабақ сапасын арттыруға, талдау және рефлексия дағдыларын дамытуға, сондай-ақ заманауи оқыту әдістерін енгізуге мүмкіндік берді. Қатысушылардың 90%-дан астамы жобаның кәсіби дамуына айтарлықтай әсер еткенін атап өтті, соның ішінде педагогикалық тәсілдерді қайта қарау және оқытуды саналы түрде жоспарлау.

Жоба мектептер арасындағы ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруға, тәжірибе алмасуға және кәсіби диалогты дамытуға ықпал етеді. Оның практикалық маңыздылығы нақты нәтижелермен дәлелденеді: оқыту сапасының жақсаруы және оқушылардың оқу жетістіктерінің артуы, соның ішінде негізгі пәндер бойынша мектептердің позициясының айтарлықтай жоғарылауы.

Ұйым: №90 мектеп Астана қ.

Авторлары: Аманжолова Б.А., Абдраманова Г.А., Омирзах Ж., Жанузакова Г.З., Шаймардан Г. 
Бірге зерттеу – бірлескен зерттеулер мәдениетін қалыптастыру

Ұйым: №50 мектеп Астана қ.

Авторлары: Аскарова С.А., Жұмабекова Ж.Ө., Иманкулова Р.Т., Кезембаева З.Ж., Аскарбекова Б.Д. 
Мектептерді қайта жаңғырту: әрбір оқушыға сапалы білім берудің негізі ретінде трансформация және іс-әрекеттегі зерттеу

Ұйым: №59 мектеп Астана қ.

Авторлары: Жакишева М., Султанова Г.А., Сахмурзаева Г.Т., Ахметова В.А., Ерназарова З.А. 
Түсініктен әрекетке: зерттеу мен дәлелдер арқылы мектепті дамыту

Ұйым: НЗМ Атырау

Авторлары: Боранбаева Ж.А., Бижанов Е.К., Каныбеков К.Г., Каратаева А.М., Кенжеева Г.С. 
Саралап оқытудағы мәселелерді шешу үшін рефлексиялық циклді қолдану

Ұйым: НЗМ Астана-Нура

Авторлары: Әбешова Г.Е., Бекболатов Ж.С., Кайыркенова Р.А., Шаланова Ж.Р. 
Қатысуды қайта түсіндіру: рефлексия арқылы ойлау тәсілін өзгерту

№72 мектеп Астана қ.

Авторлары: Боранбаева Б.К., Сулейменова Ж.С., Дюсенова А.Ж. 
Мұғалімдер мен мектептің дамуы үшін іс-әрекеттегі зерттеудің түрлендіруші күші: NIS/SHARE жобасының тәжірибесі

Ұйым: НЗМ Семей

Авторлары: Исаханова С.С., Буркенов Н.С., Тұрсынғазин Н.С., Мажиков С.К., Курманбаев А.А.
Түсініктен әрекетке: зерттеу мен дәлелдер арқылы мектепті дамыту

Ұйым: ДББҰ Зерттеу Департаменті

Авторлары: Исабекова А.А., Баймырза М.Т., Қарабай А.Т., Жумбаева А.Н.
Зерттеуге негізделген практиканы ілгерілету: Қазақстандағы NIS/SHARE жобасының әсерін зерттеу