Жаңалықтар
Action Research және Lesson Study зерттеу тәсәлдері бойынша вебинар өткізілді
12 наурызда Кэмбридж университетінің құрметті профессоры Colleen McLaughlin бастаған және білім беру саласындағы британдық зерттеуші, Ұлыбританияда Research Lesson Study әдісін енгізудің бастамашысы, 2016–2021 жылдары World Association of Lesson Studies президенті және Hughes Hall, Cambridge колледжінің, University of Cambridge аға ғылыми қызметкері Pete Dudley қатысуымен вебинар өтті.
Вебинар Action Research және Lesson Study зерттеу тәсілдеріне арналды. Кездесу барысында спикерлер педагогикалық тәжірибені зерттеудің заманауи тәсілдері туралы айтып, Action Research пен Lesson Study арасындағы айырмашылықтарды қарастырды, сондай-ақ бұл әдістерді мектеп тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Вебинар соңында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлерден түсіндірмелер алды.
Бейнежазба сілтемесі: https://youtu.be/RQKj3ve2s4g