Жаңалықтар
CARN 2025 конференциясындағы дебют
13–15 қараша аралығында Австрияның Клагенфурт қаласында CARN (Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша бірлескен желілік қоғамдастық) конференциясы өтті.
Конференцияға Астана, Семей, Атырау қалаларындағы НЗМ мектептері мен Астана қаласының №50, 59, 72, 90 мектептері қатысты.
Мұғалімдер халықаралық сарапшылардан шабыт алып қана қоймай, сонымен бірге Іс-әрекеттегі зерттеуді дамытуға арналған практикалық құралдар мен жаңа әдістемелерді үйренуге мүмкіндік алды.
Конференцияның ең құнды тұстарының бірі – терең рефлексия мен кәсіби өсуге ықпал ететін адал, сыни кері байланыс кеңістігінің болуы. Атмосферасы жылы, ашық және өте жігерлендіретін болды, бұл оқу мен ынтымақтастық үшін тамаша орта құрды.
Бұл іс-шара Қазақстан мұғалімдері үшін өздерінің Іс-әрекеттегі зерттеулерімен бөлісуге, тәжірибе алмасуға және мектептердегі оқыту мен оқу жағдайларын қалай жақсартуға болатыны туралы түсінік алуға арналған ең үздік мүмкіндіктердің бірі болып табылады.
Мектептер NIS/SHARE жобасы аясында тәжірибені таратуға зор мүмкіндік берді. Жоба аясындағы үздіксіз қолдау білім беру қауымдастығындағы рефлексиялық тәжірибе мен инновация мәдениетін қалыптастыруда.
Конференцияға сілтеме: