Жаңалықтар
ECER-2025 және WALS-2025 халықаралық конференцияларының қорытындылары бойынша рефлексивті вебинар өтті
2026 жылғы 8–9 қаңтар күндері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Зерттеулер департаменті «ECER-2025, WALS-2025: Post-conference» тақырыбында онлайн форматта рефлексивті вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты – білім беру саласындағы жетекші халықаралық ғылыми конференцияларға қатысқан НИШ педагогтері мен қызметкерлерінің зерттеу тәжірибесін талдау және тарату.
Екі күндік вебинар аясында Зияткерлік мектептерінің педагогтері ұсынған 22 құрылымдалған баяндама тыңдалды. Қатысушылар ECER-2025 және WALS-2025 халықаралық конференцияларында алынған ғылыми идеялар мен кәсіби пікірлерге рефлексия жасап, өз зерттеулерінің нәтижелерін Зияткерлік мектептердің білім беру тәжірибесіне енгізу мүмкіндіктерін талқылады.
Вебинар бағдарламасы қысқа баяндамалар форматында ұйымдастырылып, зерттеу контекстін ұсыну, халықаралық конференцияларға қатысу рефлексиясы және зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу бойынша ұсынымдарды қамтыды.
Зерттеу нәтижелерін мектептік және институционалдық деңгейде қолдану, педагогтердің практикалық әрекеттері, сондай-ақ ДББҰ құрылымдық бөлімшелерінің зерттеулерді қолдау және дамытудағы рөлі негізгі назарда болды.
Аталған рефлексивті вебинар ДББҰ «НЗМ»-нің педагогтердің зерттеу әлеуетін арттыру және халықаралық ғылыми тәжірибені ұлттық білім беру жүйесіне кіріктіру жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.