banner

Жаңалықтар

Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсы туралы хабарландыру

news

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Конкурстық құжаттамаға сәйкес 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының жарияланғанын хабарлайды. Конкурс ғылымды дамытудың келесі басым бағыттарын қамтиды: экология және табиғатты ұтымды пайдалану, энергия мен озық материалдар, цифрлық және ғарыштық технологиялар, елдің зияткерлік әлеуеті, өмір және денсаулық туралы ғылым, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы, ұлттық және биологиялық қауіпсіздік.

Ұйым басшысы мен өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған өтінімдер «ҰМҒТСО» АҚ-ның ақпараттық жүйесі (is.ncste.kz) арқылы электронды форматта қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 6 қазаннан 6 қарашаға дейін (қоса алғанда).