banner

Жаңалықтар

NIS/SHARE жобасы CESS 2026 халықаралық конференциясында ұсынылды

news
17 маусым 2026 |
33

Зерттеу департаменті 17 маусым күні Назарбаев Университетінде өткен Central Eurasian Studies Society (CESS) 2026 конференциясында NIS/SHARE жобасының алғашқы нәтижелерін таныстырды. Баяндама доктор Назипа Аюбаева жетекшілік еткен «Collaborative Action Research: In Search of Professional Autonomy» («Бірлескен әрекетті зерттеу: кәсіби автономияны іздеу») атты панельдік сессия аясында ұсынылды. Сессия барысында «Бірлескен әрекетті зерттеу мұғалімдердің кәсіби дербестігін қалыптастыра ма, әлде мұндай зерттеуді жүргізу үшін алдымен кәсіби дербестік қажет пе?» деген өзекті мәселе талқыланды.

Зерттеулер департаментінің аға менеджері Гульбагира Төлеу «Бірлескен әрекетті зерттеу арқылы оқыту мен оқуды жетілдіру: NIS/SHARE жобасының нәтижелері» тақырыбында баяндама жасап, жоба аясында жүргізілген зерттеудің алғашқы қорытындыларымен бөлісті. Панельдік сессияның басқа қатысушылары да өз жобаларында бірлескен әрекетті зерттеуді қолдану тәжірибесін ұсынып, оның мұғалімдердің кәсіби дербестігін дамытудағы рөліне тоқталды.

Панельдік сессия соңында талқылаушылар ұсынылған баяндамаларға қатысты қорытынды пікірлерін білдіріп, көтерілген мәселелер бойынша өз көзқарастарымен бөлісті. Олар бірлескен әрекетті зерттеу мұғалімдердің кәсіби дербестігінің нәтижесі емес, керісінше оның дамуына ықпал етеді деген көзқарасты қолдады. Сондай-ақ қатысушыларға тақырыпты сыни тұрғыдан зерделеуге мүмкіндік беретін сұрақтар қойды. 

Фотогалерея

image-
image-