Жаңалықтар
Scopus журналдарына мақала жариялау туралы семинар
📢 Құрметті әріптестер!
Сіздерді ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» Зерттеу департаментінің ұйымдастыруымен өтетін семинарға қатысуға қуана шақырамыз.
Семинар тақырыбы:
🔹 Scopus тізіміндегі журналдарда мақала жариялаудың негізгі қадамдары
Спикер: Айдана Смагул, PhD кандидаты, Eötvös Loránd университеті, Будапешт, Мажарстан
📅 Өтетін күні: 13 мамыр 2025 ж. (сейсенбі)
🕒 Уақыты: 15:30 – 16:30
📍 Өтетін орны: Астана қ., АОО “Назарбаев Зияткерлік мектептері”, Хусейн бен Талал көш., 21/1, Конференц зал, 2-қабат
💻 Форматы: Офлайн / Онлайн (Teams арқылы)
🔗 Қосылу сілтемесі: https://shorturl.at/eioMv
🗣️ Тілі: Қазақша
📝 Семинар туралы:
Бұл семинар жоғары импакт-факторлы академиялық журналдарда зерттеу нәтижелерін сәтті жариялауға қажетті дағдыларды дамытуға арналған.
Семинар барысында Scopus деректер базасына кіретін журналдарда мақала жариялау үдерісі жан-жақты қарастырылады. Қатысушылар келесі тақырыптармен танысады:
🔍 Scopus журналдарын іздеу және дұрыс таңдау тәсілдері
✍️ Ғылыми мақала құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар
📤 Мақала жіберу, рецензиялау және қабылдау кезеңдері
🛠 Рецензенттердің пікірлеріне жауап беру және соңғы редакциялау әдістері.
📌 Барлық мүдделі мұғалімдер мен зерттеушілерді қатысуға шақырамыз!