Жаңалықтар
Зияткерлік мектептер «NIS/SHARE» жобасын жүзеге асыруда
Зияткерлік мектептер 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап «NIS / SHARE» іс-әрекеттегі зерттеу әдісі (Action Research) мұғалімдердің дағдыларын дамытуға бағытталған жобасын жүзеге асыруды бастады.
Жобаның негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстанда іс-әрекеттегі зерттеу бойынша алғашқы мұғалімдер қауымдастығын құру. Бұл педагогтер арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтып қана қоймай, алған білімдерін ел мектептеріне таратуды көздейді.
Мектептерді жоспарлау мен стратегиялық дамытудың негізгі тетіктері де қарастырылады. Білім ұялары «NIS/SHARE»-ді өздерінің күнделікті тәжірибесіне қолдануға дағдыланады. Сондай-ақ осы жобаның табысты іске асырылуы үшін қажетті іс-шаралар жасайды.
«NIS/SHARE» – Қазақстан мектептерінде жаңа мүмкіндіктерді енгізу және инновациялық тәжірибені дамытуға қолайлы орта құруға жәрдемдеседі.
https://www.nis.edu.kz/kk/news/ziiatkerlik-mektepter-nisshare-zobasyn-zuzege-asyruda