banner

Жаңалықтар

Ауылдық тірек мектептері үшін «NIS/SHARE» жобасына қатысуға өтінім қабылдау ашық

news

2025 жылдың қараша айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ауылдық тірек мектептерін дамытуға бағытталған «NIS/SHARE» жобасын іске асырады.

Жоба аясында Астана қаласындағы (3 мектеп), Атырау, Көкшетау, Қостанай, Семей, Өскемен, Талдықорған және Түркістан қалаларындағы Зияткерлік мектептерге әрқайсысына ауылдық жерден екі тірек мектептен бекітіледі.

Жобаның мақсаты - мәселелерді анықтау, оларды талдау және “Іс-әрекеттегі зерттеу” тәсілін пайдалана отырып, тиімді шешімдерді енгізу арқылы мектеп қызметін жақсарту.

Қатысушылар үшін офлайн семинарлар, сондай-ақ онлайн коучингтік және менторлық сессиялар өткізіледі.

🔹 Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 21 тамызға дейін («Мектептерді іріктеу» бөлімін қарау).

🔹 Өтінімдерді қарау – 22–28 тамыз аралығында.

🔹Іріктеу нәтижелері – 20 мектептің тізімі 29 тамызда сайтта жарияланады.