banner

Басты бет

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБСҚК) ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесі

Төменде ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБСҚК) ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесі берілген.

Тізбе Комитет төрағасының 2024 жылғы 12 шілдедегі № 603 бұйрығымен бекітілген, кейінгі өзгерістер мен толықтырулармен (2026 жылға дейінгі жағдай бойынша өзектендірілген).

Министрліктің порталындағы тізбенің ресми беті: https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/documents/details/520901?lang=kk



Тізбе төрт тізімнен тұрады:

1-Тізім (46 атау)

2-Тізім (164 атау)

3-Тізім (20 атау)

4-Тізім (11 атау)

Басылымдарды автоматты түрде енгізу

 #

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың  3-тармағы бойынша автоматты түрде енгізілген рецензияланатын ғылыми басылымдар:

1

Clarivate Analytics компаниясының Web of science Core Collection  деректер базасындағы Arts and Humanities Citation Index , Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index  және Emerging Sources Citation Index  индекстеріне енгізілген журналдар;

2

Scopus деректер базасына енгізілген журналдар;

3

Elsevier, Brill, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, John Wiley & Sons, McGraw Hill, Palgrave Macmillan, Peter Lang, Prentice Hall, Routledge, Sage Publications, Springer Nature, Taylor and Francis, Wolters Kluwer сенімді баспаларының журналдары

4

US News Best Global Universities Rankings немесе Academic Ranking of World Universities  немесе Times Higher  Education World University Rankings  немесе US News Best Global Universities Rankings топ-100 рейтингіндегі университет баспаларының журналдары.

ҒЖБСҚК ғылыми басылымдар тізбесі