Starting Strong VI шеңберінде ЭЫДҰ Quality Beyond Regulations зерттеуінің нәтижелерін ұсынды. Бұл зерттеудің ең маңызды нәтижелерінің бірі – білім беру саясатының ағашы болып табылады. Онда білім берудің осы деңгейін қолдауға және жан-жақты дамытуға бағытталған мектепке дейінгі білім беру саясатының негізгі бағыттары қамтылған.

Ағаш және, тиісінше, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің кешенді тәсілдемесі бес негізгі бағытты қамтиды: куррикулум және педагогика; кәсіби даму; сапа стандарттары, басқару және қаржыландыру; бақылау және деректер; отбасы мен қоғамдастықты тарту. Осы бағыттар мен олардың құрамдас бөліктерінің көпшілігі бастауыш және орта білім беру саласындағы қолданыстағы саясатта көрініс тапқанына қарамастан, мұнда мектепке дейінгі оқыту саласына ғана тән аспектілер де бар.

Жоғарыда аталған бес «тармақ» балалардың дамуына қолайлы орта құруға ықпал ететін сапалы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесін құрудың маңызды құралы болып табылады.

Куррикулум мен педагогика кәсіби дамумен қатар мектепке дейінгі білім беруді тиімді ұйымдастыруда маңызды болып табылады. Сондықтан олар педагог қызметкерлерді бастапқы даярлау бағдарламасына да, тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарының мазмұнына да енгізілуі тиіс.

Куррикулумды әзірлеудің маңызды міндеттердің бірі – тепе-теңдікті сақтау, сонымен қатар әр түрлі жастағы балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, әртүрлі жас топтары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету. Осы себепті әртүрлі елдер (соның ішінде Қазақстан) балаларды келесі жас санаттарына бөледі: 1-3 және 3-6 жас.

Куррикулумның мазмұнында балаларды дамыту мен оқытудың мақсаттары, оның ішінде негізгі дағдылар (қарым-қатынас және білмекке құмарлық), құндылықтар мен қағидалар (мысалы, құрмет пен теңдік) және дәстүрлі пәндер (өнер және ғылым) қамтылуы керек. Сондай-ақ, куррикулум когнитивті және әлеуметтік-эмоциялық дағдыларды дамытуға бағытталуы керек. Куррикулумды әзірлеу кезінде тәрбиешілерден бастап ата-аналарға дейін барлық адамдардың қажеттіліктерін ескеру өте маңызды болып табылады.

Педагогикалық қызметкерлерге дербестік беріп, олардың әр түрлі оқыту әдістерін қолдануына жағдай жасау керек. Сонымен қатар, бекітілген басшылыққа алатын қағидаттар мен ұсынымдарды сақтау талап етіледі.

Кәсіби даму. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейінде кәсіби дамуды ұйымдастыруды білім берудің басқа деңгейлерімен салыстыруға болады. Педагогикалық қызметкерлердің жоғары оқу орындарында білім алуымен қатар, үздіксіз кәсіби дамуы да маңызды болып табылады. Кәсіби даму курстарының мазмұны білім мен дағдылардың кең ауқымын қамтуы керек, сонымен қатар тәрбиешілерге теориядан практикаға көшуге мүмкіндік беру керек. Бұдан басқа, ЭЫДҰ аккредиттеудің сапалы тетіктерін енгізуді ұсынып отыр. Бұл педагог қызметкерлердің сапалы оқытуды қамтамасыз етуде қаншалықты біліктілік деңгейіне сәйкес келетіндігін айқындауға мүмкіндік береді.

Қызметкерлер мен балалар үшін тиісті жұмыс жағдайлары мен қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының кәсіби дамуы да маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары екі қызметті тиімді орындауы керек: әкімшілік және педагогикалық, яғни олар қызметкерлермен, ата-аналармен және жергілікті қауымдастықпен тиімді байланыс орнатуы керек.

Сапаны бақылау, басқару және қаржыландыру. Мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың стратегиялық бағыттарының бірі тұрақты кадрлардың болуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті жалақыны қамтамасыз ету болуы тиіс. Сонымен қатар қаржыландыру балалардың материалдық мұқтаждықтары тұрғысынан қажеттіліктерін ескеретін нақты стандарттар аясында ұйымдастырылуы керек.

Елдер мектепке дейінгі ұйымдар басшылары иелене алатын дербестік деңгейін анықтауы керек. Бұл мектепке дейінгі білім беруді оның қатысушыларының тікелей қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді.

Бақылау және деректер. Мектепке дейінгі ұйымдарды бақылау келесі үш бағыт бойынша жүргізілуі қажет: оқыту сапасын бақылау, куррикулумның іске асырылуын бақылау, кадрлардың даярлығын бақылау. Бақылау жүргізудің орталықтандырылған тәсілдемесі талап етіледі, оның жиілігі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін проблемалық мәселелерге және өзекті тәуекелдерге байланысты болады. Мектепке дейінгі ұйымдарды бақылау құралдарына инспекциялар, педагогикалық қызметкерлерді бағалау және өзін-өзі бағалау, сауалнамалар, портфолио, балаларды бағалау кіреді.

Отбасы мен қоғамдастықты тарту білім берудің басқа деңгейлеріне қарағанда мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, ата-аналармен қарым-қатынас орнатудың тиімді әдістерін, мектепке дейінгі ұйымдардан тыс жерлерде балаларды жан-жақты дамыту тәсілдерін қамтитын куррикулумды әзірлеу үдерісіне ата-аналарды тарту маңызды болып табылады. Бұдан басқа, педагог қызметкерлер мен мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру курстарының мазмұны балаларды оқыту мен тәрбиелеуге отбасы мен қоғамдастықты тарту сияқты мәселелерді қамтуы тиіс.

 

Дереккөздер:

OECD (2021). Starting Strong VI: Supporting Meaningful Interactions in Early Childhood Education and Care, Starting Strong, OECD Publishing, Paris.

https://quality-ecec.oecd.org/policy-levers

0
*
*

Жаңа тіркелгі
*
*
*
кілтсөз енгізілмеген
*

3 × 1 =

Password generation