Дайджестің осы бөлімінде біз «Ауыл мектебі» жобасының нәтижелеріне тоқталғымыз келеді
Источник: https://bilimdinews.kz/?p=86179
Зерттеу мақсаты
Зерттеу мақсаты – орта білім беру ұйымдарының артықшылықтары мен кемшіліктеріне диагностика жасап, қажеттіліктерін анықтау арқылы білім беру қызметінің жағдайы мен сапасын жетілдіру үшін ұсыныс беру.
Зерттеудің негізгі тапсырмасы – мектептердің күшті және осал тұстарын негізгі үш бағыт бойынша анықтау:
- Оқыту және сабақ беру;
- Мектеп климаты;
- Мектеп инфрақұрылымы
Зерттеу әдістемесі
Зерттеу нәтижесінің сапасын арттыру мақсатында аралас әдіс қолданылды. Тек сапалы немесе тек сандық әдіске қарағанда, аралас әдіс зерттеу сұрақтарын барлық тұстардан тануға мүмкіндік береді.
Дерек жинастырудың сапалы әдісі аясында оқу үдерісін бақылау, фокус-топ (ұстаздармен, ата-аналармен, ҚК мүшелерімен) және мектеп мұғалімдерімен сұхбат қолданылды. Дерек жинастырудың сандық әдісі аясында сауалнама (мұғалімдер, 8-11 сынып оқушылары, ата-аналар, ҚК және әкімшілік мүшелері арасында).
Осы зерттеу мектеп инфрақұрылымы (материалдық-техникалық қамтамасыз етілу мен жабдықталу, оқу ресурстарымен жабдықталу), оқушылар үлгерімі мен педагогтардың сапалық құрамын талдаумен бірге тығыз байланыста өткізілді. Осылайша, жиналған деректердің бәрі бірге талданды. Зерттеу нәтижесі мектептердегі ынтымақтастық пен әрекеттесуді, ата-аналардың оқу үдерісіне араласуы, үлгерім мен оқыту сапасындағы олқылықтарды терең талдауға мүмкіндік берді.
Талдау нәтижесінде оқушылардың білім сапасы мен үлгеріміне әсер ететін негізгі факторлар анықталды.
Зерттеудің негізгі нәтижелері
Соңғы 4 жылдағы білім сапасы зерттелген мектептердің бәрінде төмен болып тұрды және оқушылардың білім сапасы бастауыш мектептен негізгі мектепке көшкен кезде төмендейді.
Ұстаздардың көбі қалыптастырушы және жиынтық бағалау өткізу мен сабақ мақсаттарын анықтауда қиындыққа тап болуда.
Сабақты бақылаған сарапшылар сыныпта сараланған жұмыс өткізілмейтінін байқады. Сабақ үстінде оқушылардың сыни ойлауын жетілдіретін өнімді іс-әрекеттер және білімді қолдану, талдау, синтез, бағалау дағдылары сирек қолданады немесе мүлдем қолданбайды.
Зерттелген мектептердің бәрінде оқу мен ынтымақтасу үшін қолайлы орта қалыптасқан, ал ата-ана мен оқушылар мектеп қызметін жоғары бағалайды.
Алайда, сапалы қосымша білім беру тапшы, бұған ата-ананың ширегі берген «қанағаттанарлық» не «өте жаман» бағасы дәлел.
Болашақта жоғары білім беру мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы оқушылардың бейхабар екендігін ескеруге болады. Сауалнама балалардың таңдауы аса шектеулі екенін көрсетті. Бұл оқушылардың өз мүмкіндіктеріне деген көзқарасы төмен болуын және олардың ой-өрісін кеңейту қажеттігін айқындайды.
Мұғалімдер оқу мақсаттарын жетуге бөгет болып құрал-жабдықтар мен оқу материалдарының тапшылығын атайды. Алайда, шешімі тек мұғалімнің кәсіби дағдысы мен оның даму даярлығына байланатын мәселелер де бар. Бұл арада мұғалімдердің оқыту әдісі, қызметін ұйымдастыру және үлгерімі төмен балалармен жұмыс жасау бойынша біліктілігін арттыру маңызды.
Мектептерді қолдау бойынша алдағы жұмыс
Өткізілген зерттеу нәтижесінде ДББҰ мектептер мен ЖАО-ға негізгі бағыттарда мына ұсыныстарды жасады:
- инфрақұрылым мен білім беру ортасын нығайту;
- мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік қолдауын қадам-қадаммен ұйымдастыру;
- мектеп қызметінің сапалы мониторингін өткізу;
- облыстың үздік және мектептерін кезеңдік түрде дамыту;
- мектеп, қауымдастық, ұстаздар мен оқушыларды ынталандыру жүйесін енгізу;
- мектеп пен жергілікті қауымдастықты дамыту;
- оқушылардың әл-ауқатын нығайту
Қазіргі таңда осы жоба кеңейтілуде, ҚР басқа да аймақтары қамтылуда. Бұл тәжірибе ДББҰ әрі Зерттеу департаменті үшін бұған дейін теңдесі жоқ тәжірибе болып табылады. Қазіргі уақыттың өзінде осы жоба аясында атқарылған жұмыс зерттелген мектептердің оқу үдерісіне әсер ететіні анық.