Дайджесттің осы бөлімінде біз қазақстандық ұстаздардың ЭЫДҰ мұғалім корпусының TALIS зерттеуіне қатысуы (есептің екінші томының нәтижесі бойынша) нәтижелеріне тоқталғымыз келеді. 

2018 жылы Қазақстан педагогтары  халықаралық TALIS оқыту мен сабақ беру зерттеуіне алғашқы рет қатысты. Осы зерттеу 2008 жылдан бастап  5 жылда бір рет өткізілуде. 2018 жылы зерттеуге әлем бойынша 48 мемлекет пен экономикалар қатысты. Мұғалімдердің кәсіпқойлығы Экономикалық ынтымақтастық пен даму одағының (ЭЫДҰ) TALIS 2018 зерттеуі аясында негізгі бес тұрғыға негізделіп талданады, олар: оқытуға қажетті білім мен дағдылар, мансап мүмкіндіктері мен жұмыс жағдайы, мұғалімаралық ынтымақтастық мәдениеті, жауапкершілік пен мұғалімдерге ұсынылатын дербестілік, және мұғалім мамандығының мәртебесі.

2019 жылғы 19 мамырда зерттеу нәтижесін тұжырымдайтын алғашқы том жарияланды. Осы жылғы 23 наурызда TALIS 2018 нәтижесі бойынша ЭЫДҰ «Мұғалімдер мен мектеп басшылары – құнды кәсіпқой мамандар» атты Халықаралық есебінің екінші томын жариялады. Осы томда мұғалім мамандығының беделі мен мәртебесі, кәсіби өзара әрекеттестік пен алқаластық, ұстаздардың көшбасшылық дағдысы мен дербестілігі  секілді мәселелерге аса зор мән берілген.

Қоғам мен мұғалімдердің педагог мамандығына деген көзқарасы қандай?

ЭЫДҰ елдері (90%) мен Қазақстанда (91%) мұғалімдердің көбі өз жұмыстарына қанағаттанады. Қанағаттанудың жоғары деңгейі мектеп директорларының арасында да байқалады (ЭЫДҰ – 95%; Қазақстан – 96%).

Алайда ЭЫДҰ-да мұғалімдердің 26%-ы, ал мектеп директорларының 37%-ы ғана ұстаздың қоғамдағы орны жоғары деп ойлайды. Әйел мұғалімдер мен жасы 50-ден асқан әріптестеріне қарағанда ер ұстаздар, 30 жасқа дейінгі ұстаздар мен жас мамандар мамандықтың қоғамдағы орны жоғары деп көбірек санайды. Қазақстан мұғалімдерінің 63%-ы және директорлардың 77%-ы осы тұжырыммен келісті. Жалпы мектеп директорлары педагог мамандығының мәртебесін мұғалімдерге қарағанда жоғары бағалайды. Сонымен қатар, Қазақстанда өз мамандығының қоғамда құрметтеледі деп санайтын мұғалімдер қалаларға қарағанда (49%) ауылды жерлерде көп (69%).

Жұмыстағы күйзелу мұғалімдердің жұмысқа қанағаттануына және оқытуды жалғастыру ниеттеріне әсер етеді. ЭЫДҰ елдерінде мұғалімдердің 48,7%-ы аса зор не айтарлықтай дәрежеде күйзеледі; Қазақстан осы мұғалімдерінің үлесі – 14,3%. Аса зор дәрежедегі күйзеліске себеп ретінде Қазақстан мұғалімдерінің 43%-ы педагогикалық қызметкерлердің аттестаттауын, 42%-ы – Жалпыға міндетті оқу аясындағы жұмысты атайды. Сонымен қатар, Қазақстан мұғалімдерінің үштен біріне жуығы (36%) оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезінде күйзеліске ұшырайтынын хабарлады.

ЭЫДҰ-да мұғалімдердің 34%-ы және Қазақстан мұғалімдерінің 33%-ы басқа жұмысқа ауысуды қалайды. Сонымен қатар, мектептен шығуды қалайтын жас маман үлесі (40%) жасы 50-ден асқан ұстаздарға қарағанда (21%) екі есе артық.

ЭЫДҰ-да мұғалімдердің 25%-ы және Қазақстан мұғалімдерінің 26%-ы келесі 5 жыл ішінде жұмысын өзгертуді жоспарлайды. ЭЫДҰ-да жасы 50-ге жетпеген мұғалімдердің 14%-ы және Қазақстан мұғалімдердің 15%-ы оқытуды 5 жыл ішінде тоқтатуды жоспарлайды.

Мұғалім жұмыс жағдайы қандай және ол туралы пікір қандай?

ЭЫДҰ-да мұғалімдердің 82%-ы, Қазақстан мұғалімдерінің 84%-ында тұрақты жұмыс бар, яғни олар өз қызметін мерзімсіз еңбекшарты аясында орындайды. Сарапшылардың ұсынысы бойынша, педагогтардың барынша үлкен үлесі мерзімсіз шарт жасасуы қажет. Қазақстанда мұғалімдердің 51%-ы еңбекақысын ескермегенде өз еңбек шартына қанағаттанады. ЭЫДҰ-да бұл мұғалімдердің үлесі жоғары (66%).

Қазақстан мұғалімдерінің 39%-ы және ЭЫДҰ мұғалімдерінің 39,4%-ы еңбекақына қанағаттанады. Еңбекақына қанағаттанатын директорлар үлесі сәл жоғары (Қазақстан – 42,8%; ЭЫДҰ – 46,5%). Қазақстанда ауыл мектептеріндегі мұғалімдер (53%) еңбекақына қаладағы әріптестеріне (21%) қарағанда қанағаттануы жоғары. Сонымен қатар, жекеменшік мектептерде мұғалімдер (71%) мемлекеттік мектептерге (42%) қарағанда еңбекақысына көбірек қанағаттанады.

Мектеп өз мұғалімдеріне шешім қабылдауға белсенді қатысуға және олардың кәсіби дамуын қолдаса, мұғалімдер еңбекақыны ескермегенде еңбек шарттарына қанағаттанады деп жиі айтады.

Педагогтардың өзара әрекеттесуі қалай өтеді және оның әсері қандай?

Ұстаздардың өзара әрекеттесуі олардың тиімділігі мен кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай әсер етеді. Білім беру үдерісінде ол бірлесіп сабақ беру, сабақты бақылау негізінде кері байланыс ұсыну, кәсіби даму бойынша бірлескен іс-шаралар түрінде өтуі мүмкін.

Мұғалімдер базалық ынтымақтастық әдістерін қолдануды қалайды. Олардың арасында: әріптестермен: нақты оқушылардың дамуын талқылау (ЭЫДҰ-да мұғалімдердің орта есеппен 61%-ы; Қазақстанда – 73%) және, төменірек дәрежеде, оқу материалдарымен алмасу (ЭЫДҰ елдерінде  – 47%; Қазақстанда – 63%). Дегенмен, кәсіби ынтымақтастықтың жетік, ұстаз арасында терең әрекеттесуді қамтитын түрлерін қолданатын ұстаздар үлесі кем. ЭЫДҰ елдерінде мұғалімдердің 9%-ы, ал Қазақстанның 61%-ы әріптестеріне байқау жұмысы негізінде кері байланыс ұсынатынын хабарлады. ЭЫДҰ-да мұғалімдердің 21%-ы және қазақстандық ұстаздардың 32%-ы бірлескен кәсіби оқуға айына бір реттен кем емес қатысатыны туралы айтты.

XXI ғ. оқытуына ынтымақтастықтың қандай әсер тигізе алатынын ескерсек, кәсіби ынтымақтастықтың жеткіліксіз деңгейі алаңдау туғызуда. TALIS 2018 нәтижесі бойынша әріптестерімен жиі ынтымақтастық жасасатын мұғалімдер когнитивтік белсендіруді жиі қолданады немесе балалардың жоғары санатты дағдыларын дамытады. Кәсіби ынтымақтастық жұмысқа қанағаттану және өзіне-өзі тиімділігінің жоғары деңгейімен де үйлеседі.

Мұғалімдер білім беру ортасын қандай дәрежеде басқарып, оған ықпал ете алады?

ЭЫДҰ сарапшыларының байқауынша мектептегі білім беру ісінің тиімділігін арттыру үшін директорлардың көшбасшылығы мен мектеп дербестігін арттыру қажет. ЭЫДҰ мектеп директорларының 63,3%-ы мұғалімдерді жұмысқа алу мен одан босату, мектеп қаржысын бөлу, мұғалім еңбекақысын бекіту, ұстаздар мен оқушыларды бағалау мектеп бағдарламасы мен пәндердің мазмұны және т.б. жұмыс үшін жоғары деңгейде жауапты. Қазақстанда осындай мектеп директорлардың үлесі – 50%. Сонымен қатар, жекеменшік мектеп директорларының (73%) мемлекеттік мектептерге қарағанда (49,8%) мектеп мәселелерін шешуде дербестігі жоғары.

Орта есеппен, ЭЫДҮ елдерінде мектеп директорларының жауаптарына сәйкес, мектептердің 42%-ы – мұғалімдер мектеп саясаты, оқу бағдарламасы мен оқыту үшін жауапты болып саналатын мектептер. Дербестілік пен жауапкершілігі ең жоғары мұғалімдер Италия, Эстония, Чехия, Аустрия мен Исландия мектептерінде оқытады. Қазақстанда осы мұғалімдердің үлесі жоғары емес (17%). ЭЫДҰ сарапшыларының байқауынша, Қазақстанда мұғалімдер арасында жоғары дербестілік пен зор жауапкершілік көбінесе жекеменшік мектептерде орын алады. Мұғалімдердің кәсіпқойлығы мен мәртебесін арттыру үшін мұғалімдерге көрсетілетін сенімді көтеру және мектеп саясаты, оқу бағдарламалары, т.б. мәселелер бойынша шешімдерге шақыру қажет ЭЫДҰ мұғалімдерінің 77%-ы мен Қазақстан мұғалімдерінің 86%-ы мектеп басқаруда шешім қабылдауға қатысатынын белгіледі, бұл мектеп климатына оң әсер етпекші.

Пайдалынған әдебиет

OECD (2020), TALIS 2018 Results (Volume II): Teachers and School Leaders as Valued Professionals, TALIS, OECD Publishing, Paris. 

https://doi.org/10.1787/19cf08df-en. 

0
*
*

Жаңа тіркелгі
*
*
*
кілтсөз енгізілмеген
*

18 + 10 =

Password generation