Жаңалықтар
Екінші жылға (кезең) өтінімдерді беру басталды
2025 жылдың қазан айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы шетелдік серіктесімен бірлесіп «NIS/SHARE» жобасының екінші кезеңін бастайды.
Жобаға қатысу үшін келесі сұрақтарға жауап бере отырып, мектептің қызығушылығын қысқаша және нақты көрсететін өтініш жіберу қажет:
Неліктен мектеп осы жобаға қатысқысы келеді және жоба олардың оқыту мен оқудағы стратегиялық басымдықтарын қалай қолдайды?
Мектеп жобаның талаптарына сәйкестігін қалай қамтамасыз етеді?
Мектеп жобаға қатысатын педагогтердің өз рөлдерін сәтті орындау үшін мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайларын қалай қамтамасыз етеді?
Өтініштер келесі сілтеме бойынша қабылданады: https://research.nis.edu.kz/kk/school-request