Мектептерді іріктеу
Мектептерді іріктеу
«NIS/SHARE» жобасына қатысу үшін мектеп үш сұраққа нақты және толық жауапты онлайн-өтінім арқылы жіберуі керек (форманы қараңыз).
Өтінімдер комиссиямен қарастырылады.
Шешім www.research.nis.edu.kz сайтында жарияланады.
Мектепке негізделген талаптар
Мектеп міндетті:
- мектеп командасының мүшелерін анықтау және тағайындауға, сондай-ақ жобаға қатысу барысында команда құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге;
- жобаға қатысуды мектептің қазіргі тәжірибесіне біріктіруге тырысып, мектептің стратегиялық жоспарлау мен дамытудың негізгі бөлігіне қосуға.
Мектеп міндеттенеді:
- ашық және айқын болуға, тәжірибемен бөлісу және зерттеу қызметінде ынтымақтастық мәдениетін дамытуға;
- өз мектебінде және жобаға қатысатын басқа мектептерде де зерттеу мәдениетін дамытуға ықпал етуге;
- «NIS/SHARE» серіктестігі шеңберінде кәсіби білімді дамытуға үлес қосуға;
- қызметкерлердің зерттеуді өткізу және оны жақсарту бойынша бастамаларда қатысуын қолдауға.
Директор міндеттенеді:
- жобаны сәтті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге;
- өз мектебінде алынған қорытындылар негізінде әрекет етуге.